Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы талдау және консалтинг басқармасының жобалық менеджері Әйгерім Еркен
«Самұрық-Қазына» қорындағы «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» зерттеуі аясында адамның жұмыс орнын таңдауда нені басшылыққа алатынына талдау жасалады. Әдетте, бұл тұста ең бірінші кезекте жұмыс берушінің қанша еңбекақы төлейтініне назар аударылады деген пікір таралған.
Дегенмен, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы сарапшыларының жүргізген сауалнамасы нәтижесіне сай, жалақының басты орында емес екендігі анықталған.

Өндіріс саласына жұмылған еңбеккерлер үшін маңыздысы қолайлы еңбек жағдайы мен ұжымдағы оң ахуал болып отыр екен. Бұл өндірістік кәсіпорындардағы сауалнамаға жауап бергендердің шамамен алғандағы үштен бір бөлігінің пікірі. Ал жалақы жағы жұмыс орнын таңдауда «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының өндірістік жұмысшылары үшін үшінші орында.
«Осы орайда күнделікті жұмыс пен одан тыс жеке тыныс-тіршіліктің теңгерімін қалыптастыра білу де жұмысшылар тарапынан ерекше бағаланады. Байқағанымыз, бұл мәселені әсіресе ауысымдық, яғни вахталық тәртіпте еңбек етуді таңдаған жұмысшылар тиімді деп санайды. Тереңірек сұрастырып едік, сұхбат барысында өндірістік жұмысшылар вахталық жұмыстың демалыс уақыты аралығында жеке бас шаруаларын шешіп алу мүмкіндігін беретінін атап көрсетті», - дейді Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы талдау және консалтинг басқармасының жобалық менеджері Әйгерім Еркен.
Бұдан бірнеше жыл бұрын жұмысшылар арасында «Самұрық-Қазына» АҚ қомпанияларына басқа жұмыс жоқтығынан орналасқандығын атап өткендер көп болса, қазір олардың пікірлері өзгерген. Мысалы, 2014 жылы, компанияларда жұмыс істеудің осы себебін көрсеткендердің үлесі 34% болса (нұсқалар ішінде бірінші орында), 2017 жылдың қорытындысында олардың салмағы 21%-ға дейін қысқарған.

«Соңғы кезде жұмысшылар арасында өз жұмысының артықшылықтарын тереңірек түсіну мен жауапкершілікпен қарау сарыны таралып келеді. Осы ретте олар жұмыс беруші қамтамасыз етіп отырған еңбек жағдайын, бәсекеге қабілетті еңбекақыны, кәсіби және мансаптық өсім көкжиегін бағалауы жоғарылай түсті. Осындай оң өзгерістер екінші жағынан басшылықтың біздің және өзге де сауалнамалар арқылы жұмысшылар қауымы пікірін тыңдап, жалпы еңбек ахуалын жақсартуға күш салып жақандығының әсері деп айтуға болады», - дейді Әйгерім Еркен.
Тағы біраз жұмысшылар компания мен мамандық таңдауда және жұмыс орнын іздестіру барысында әке мен баба жүріп өткен еңбек жолын басшылыққа алатыны белгілі болды. Әулеттік кәсіпті алға қойып жүргендер теміржолшылар мен энергетиктердің арасында жиі тіркелген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
22
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде