Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстау облысында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының» ұйымдастыруымен өткен байқауда Жақсығатовтар әулеті облыстың «Ең үздік еңбек әулеті» атағын еншіледі.
Мұратбай Жақсығатов 1961 жылы еңбек жолын «Маңғыстаумұнайгаз» тресінің, Жетібай барлау алаңында бұрғышының көмекшісі болып бастаған. Мұнай-газ өндіру бастығы, өндірістік-техникалық бөлім бастығы, кәсіподақ ұйымының хатшысы, басқарма бастығының орынбасары, «Жетібайнефть» МГӨБ партия ұйымының хатшысы, Өндірістік-техникалық және технологиялық қызмет бастығы секілді жауапты қызметті абыроймен атқарды. 43 жылдан аса өлкенің өндірісіне елеулі еңбек сіңіре жүріп, ұл-қыздарының да осы салаға бет бұруына сеп болды.

Үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйеріне айналған Мұратбай ағаның ұлдары Қуанғали, Аманғали, Сұлтанғали Жақсығатовтар бүгінде әке жолын жалғап, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ еңбек етеді. Олардың әрқайсысының еңбек жылдарын бір санға біріктірсе, ғасыр айналары сөзсіз. Мұратбай ағадан тараған ұрпақтың өндірісте де, өмірде де өз орындарын тапқанына бүгінде ел куә. Қоғамдық шаралардан шет қалмай, үнемі алғы саптан табылатын әулеттің адал еңбегінен тапқан марапаты да мол, ұжым алдындағы абыройы да асқақ.
Төккен тердің, еткен еңбектің өтеуі сол – Мұратбай Жақсығатовтың «Құрмет», «Ерен Еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» секілді атақ-абыройының арқасында Алашқа әйгілі атануы. «Ердің атын еңбек шығарады» деген осы емес пе?!
Қазақ мұнайының ардақтыларын тәрбиелеген қарашаңырақ – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ аға ұрпақ қалыптастырған еңбек дәстүріне қашанда адал болып қала береді.
Дереккөз: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы