Главная Новости Еңбегі ерге бергісіз
09 наурыз 2022, 09:30 1438

Еңбегі ерге бергісіз

Еңбегі ерге бергісіз

Ел экономикасының күретамыры саналатын мұнай-газ өндірісінде өз қолтаңбасы бар майталман мұнайшылар Маңғыстау өңірінің өсіп-өркендеуіне еселеп еңбек сіңіріп келеді. Үлкен қажыр-қайратты қажет ететін осынау жауапты салада ер азаматтармен қатар білек түріп, бел сыбана жұмыс істеп жүрген әйел азаматтар да аз емес. «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты механикалық цехта еңбек көрігін қыздырған станокпен, арамен кесуші – Маржан Бесінбаева кезекті «Еңбек адамы» айдарының басты кейіпкері.

Шағын цех таңғы сегізден бастап қызу жұмысқа кіріседі. Жүйкеңді жейтін зырылдаған станоктардың қасына қамалып, көк түтінге бой үйреткен жұмысшылардың еңбегін ерлік демей көр. Әрқайсысы – өз ісінің нағыз майталманы. Біз сөз еткелі отырған Маржан Бесінбаева да осы салада шыңдалған, еңбекпен есейген маман. Ол ер азаматтарға ғана тән саналатын алып станокты жалғыз өзі ұршықша иіреді. Өндіріс тіршілігіне отыз жылдан аса өмірін арнаған Маржан Бұрабайқызымен сұхбатымыз төмендегіше өрбіді:

«Цех – оңай жұмыс емес. Оның үстіне станокпен жұмыс жасауға ердің ері шыдайды. Негізгі міндетім – ара және станокпен темір кесу. Басшылардын жоспарға сәйкес берген тапсырыстарын орындаймыз. Өзім осы Жетібай ауылында өсіп-өндім. Жолдасым, тәрбиелеп отырған отырған 5 баламыз бар. Бүгінде балалардың бәрі аяқтанды. Өміріміздің жалғасы болған алты немереміз өсіп келеді. Құдайға шүкір деймін. Ал өндірістің тыныс-тіршілігін айтар болсақ, бүгінгі цехтың әлеуетін бұрынғы кезбен салыстырсақ, әлбетте, жақсара түскен. Жұмысшыларға барлық қажетті жағдайлар жасалды. Еңбек еткен осы жылдар ішінде тәжірибеміз де толықты, дәрежеміз де өсті. Өсемін, еңбектенемін дегенге өндірісте мүмкіндік көп. Өндіріс саласы аса жоғары жауапкершілікті талап етеді ғой. Мұндағы үзеңгілес әріптестерімнің бәрі де өз ісіне жауапты, тиянақты. Сондықтан да болар, ұжымның ауызбіршілігі мығым, жұмысымыз жоспарға сай жүріп жатыр», – дейді Маржан апа.

Маржан апа еңбек ететін ұжымда 60-қа жуық адам жұмыс істейді. Тонның ішкі бауындай бір-біріне етене жақын болған әріптестері жарты ғұмырларын өндіріс басында өткізіп келеді. Ел үшін елеулі мереке күндері де бір отбасыдай болған ұжымдастар дастарқан басында жиылып, ақ тілектерін айтып, қуаныштарына ортақтасу игі бір дәстүрге айналған екен.

«Ұжымымызбен әр мерекеде бас қосамыз. Жақсылықты бөліссе көбейеді деген қазақпыз ғой. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесін қыз-келіншектер болып бірге қарсы аламыз. Әрі дәл осы күн – қызымның туған күні. Сол себептен де болар, бұл мерекенің мен үшін мән-маңызы ерекше. Мереке қарсаңында барша әріптес қыз-келіншектерді, барша әйелдер қауымын құттықтаймын. Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін», – деп ақжарма тілегін білдірді Маржан.

Техниканың тілін меңгеріп, ұзақ жылдар өндірісте өз орнын тауып, табан аудармастан еңбек еткен Маржан Бесінбаева әр іске жауапкершілікпен қарағанды құп көреді әрі осы қасиет әр өндіріс адамынан, әсіресе, кейінгі буын мамандардың бойынан табылса игі дейді. Адалдық пен әділдікті, әсемдік пен тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған Маржан апаның ізгі тілегіне алып-қосарымыз жоқ. Еңбек адамының ең әуелгі арман-тілегі де осы болса керек.

Дереккөз: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік желідегі парақшасы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: