Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың технологиялық көлік басқармасы өндірістің өрге өрлеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан ірі бөлімшелердің бірі. Онда өмірінің көп жылын кен орнының көркеюіне арнаған аға буын өкілдері ізгі дәстүрлер қалыптастырып, жас мұнайшыларға бірлік пен ұжымдық рухтың беріктігін мирас етіп келеді. Олардың қатарында ТКБ №2 өндірістік базасының автотізбек басшысы Жақсығат Далжанов та бар.
Кейіпкеріміз Қаражанбасқа осыдан 35 жылға жуық уақыт бұрын ұңғымаларды дайындау операторы болып қадам басты. Көп ұзамай оның қызмет жолы қиын да қызықты сала – көлік басқармасына бұрылды. Алдымен кен орнында көлікті құстай самғатқан жүргізуші, кейін арнайы техниканың тілін тауып, кран машинисі болды. Жақсығат соңғы 10 жыл көлемінде жол-құрылыс техникалары топтастырылған №3 автотізбекке жетекшілік етіп келеді. Ол күн сайын техникалардың сапалы, үздіксіз жүмысын ұйымдастыруға бірден-бір жауапты маман.
«Біздің қызметіміз тосын жайларға толы. Қыстың аязды күндері техникалар істен шығып қалуы сияқты түрлі кедергілер кездеседі. Дегенмен дер кезінде жағдайдан жол тауып, жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқасында жоспарлы істерді уақытылы атқару – біздің басты мақсатымыз», – деді Жақсығат Далжанов.
Мамандардың үйлесімді қызметі арқасында ҚБМ көлік саласында оң өзгерістер орын алуда. Қызметкерлер де кен орны аумағында техникалардың тоқтаусыз, нәтижелі жұмыс істеуін тұрақты қадағалайды. Сондықтан, маңызды бөлімше мамандары ерекше құрметке лайық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
57
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады