Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өндірістегі мәртебелі мамандығын өмірінің өзегіне айналдырған Қаражанбас жұмысшылары - қызметке адалдық танытып, ел сенімін арқалаған ерен еңбек иелері. Солардың қатарында қазыналы түбектің жер асты байлығын игеріп, саланың қарыштап дамуына үлес қосып келе жатқан Есет Озғанбаев та бар. Бүгін біз сіздерді №1 мұнай өндіру цехы операторының өнегелі еңбек жолымен таныстырамыз.
Кейіпкеріміз Қаражанбаста 27 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Жылдар бойы жинаған білімі мен тәжірибесі арқасында ол өз ісінің хас шеберіне айналды. Есет Озғанбаев ұңғымалардың үздіксіз жұмысын қадағалап, істен шыққан бөлшектерді ауыстыру, өндірілген сұйықтық көлемі туралы мәліметтерді тіркеу сияқты маңызды жұмыстарға жауапты.
«Біз Қаражанбаста еңбек ете жүріп, кен орнымен бірге дамып келеміз. Жылдар өткен сайын өндірісте оң өзгерістер байқалып, жұмысымыз алға басуда. Бір шаңырақ астына ісіне адал жұмысшыларды жинаған компаниямыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін»,- дейді ол.
Есет еңбек ұжымына да сыйлы маман. Әріптестері оның кәсібилігінен бөлек, адами қасиеттерін ерекше құрметтейтінін айтады. Қаражанбас ісі мен сөзі жұптасқан осындай өндіріс озаттарымен қуатты.
"Қаражанбасмұнай" АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
128
03 февраля 19:52
Газ без перебоев: как в Казахстане проходит отопительный сезон