Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Үздіксіз еңбек - үлкен жетістікке жол ашады. Қаражанбас өз ісін жетік меңгеріп, атқарған ақ адал еңбегімен алғысқа кенелген майталман мамандарымен қуатты. Бүгінде олар қызмет белесін абыроймен бағындырып, ғұмырдың жаңа кезеңіне аяқ басып жатыр. Солардың бірі – кен орнына 43 жыл еңбегі сіңген Жеткеншек Кибашев.
Ол «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірісті автоматтандыру цехында 1983 жылы еңбек жолын бастады. Алғашқы 13 жылын автоматика және бақылау-өлшеу аспаптары слесарі болып өткізсе, кейінгі 30 жылға жуық уақыт бойы шебер қызметін атқарды.
Бір цехта, бір ортада 43 жыл бойы табан аудармай жұмыс істеу – адалдықтың, тұрақтылықтың, еңбекқорлықтың нышаны. Осы уақыт ішінде Жеткеншек Кибашев Қаражанбас өндірісін автоматтандыру ісіне өлшеусіз үлес қосып, талай жас маманға тәлімгер болды.
Ұзақ жылғы қажырлы қызметтің жемісі - құрметті зейнет демалысы. Ол еңбектің аяқталуын емес, бағаланғанын айғақтайды. Әріптестері Жеткеншек ағаны ерекше құрметпен шығарып салып, ұзақ жыл бойы көрсеткен үлгі-өнегесі үшін алғыс айтты. Қазақы дәстүрмен шапан жауып, ақжарма тілегін жеткізіп, ілтипат көрсетті. Ақсақал да сүйікті жұмысын жас буынға сеніммен тапсырып, ақ батасын берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»