Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жетібаймұнайгаз» ӨБ №2 МГӨК ұжымында Назарбек Монтақовты мұнайшы ғана емес, қамқор аға, ел азаматы деп танитындардың қатары қалың. Мұнайгаз саласының қалыптасуы жолындағы ең қиын кезеңдерінде аянбай еңбек етіп, ширек ғасырға жуық өлке өндірісін өрге сүйреген Назарбек Дойырбайұлы сол өңірдің тумасы. Аталған цехта 1987 жылы табандап жүріп тәжірибе жиған ол бүгінде білікті слесарь, бесаспап маман.
Тәулігіне 4 000 тоннаға жуық мұнай өндіретін цехтың жұмысы қауырт. Осы цехтың белді маманы еңбектің қырманын қыздырып, қашан көрсең қалбалақтап кетіп бара жатады. Зырылдап жүргені – жұмыстың реті. Мұндағы қай қызметкердің де қолдары әсте босамайды. Екі ауысымда қанаттасып жұмыс істейтін слесарларға артылған жүктің салмағы ауыр. Топтық қондырғының жабдықтау жұмыстары, одан қала берді, 14 насостың үздіксіз жұмыс істеуі осы слесарь-жөндеушілерге жіті назарында болады.
Назарбек Дойырбайұлының ер жетіп, еңбекке араласқалы көргені осы өндіріс. Еңбек жолында маңдай терімен тапқан құрметі, құрметке бөлеп келе жатқан абырой-беделі бар.
"Назарбек – сөздің емес, істің адамы. Жасаған қайбір жұмысын алсаң да өте тиянақты. Цех жұмысы осындай жанкешті жұмысшылардың арқасында алға жылжып отыр", - дейді цех басшысы Әділбек Әкімиязов.
Жайсаң мінезді жақсы ағаның жылдар бойғы тәжірибесіндегі кездескен қиындықтарды қайсарлықпен ноқталағаны, жанына білікті жігіт-желеңді жинап, ұйымшыл ортаны қалыптастырғаны көрініп-ақ тұр. Өз жұмысына адал, әрбір шаруаның шашауын шығармай, цехқа қарасты сепаратор, топтық қондырғы, сорғылардың жай-күйін үнемі бақылап отырады.
Бүгінде адал жарымен 3 ұл,1 қыз өсіріп отырған бақытты шаңырақтың иесі ұл-қыздарының өз саласында әрқашан үздік болғанын қалайды.
Аға буын салған сара жолға адал Назарбектей жетібайлық мұнайшылардың да ел болашағына артқан сенімі мол, үміті үлкен. «Тозар елдің жанжалы көп, озар елдің арманы көп». Болашаққа сенім бар жерде істің оңға басуы даусыз. Сондықтан да қарапайым тірлік кешіп, ел қазынасының молаюына атсалысып жүрген Назарбек Монтақов секілді азаматтарды «қара алтынның» қара нарлары десе әсте жарасатындай...
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
48
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
63
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды