Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ Өндірістік бағдарламалар мониторингі департаментінің бас маманы Айдарбек Таңсықұлы Қазақстанның Тәуесіздік жылдарымен бірге өрілген өзінің еңбек жолы туралы әңгімеледі.
«Менің энергетикаға қадам басуым еліміздің 1991 жылы тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келді. Сондықтан бұл саланың 30 жыл ішіндегі даму тарихын білемін деп айта аламын. Оны жалпы 3 кезеңге бөлуге болады. Біріншісі 1991-2000 жылдар аралығы. Ол уақытта Кеңес одағына қарасты барлық елдің жағдайы мәз болмады. 1990 жылы еліміздің электр қуатына деген сұранысы шамамен 104 млрд кВт, ал ішкі өндіріс 87,4 млрд кВт құрады. 1992 жылдан бастап электр қуатының өндірісі төмендеп кетті. Салдарынан 1998 жылы елдегі электр қуаты тапшылығы ең төменгі шегіне жетті.
Одан кейінгі 2001-2009 жылдар аралығын «Тұрақтану кезеңі» деп алайық. Энергетика саласына деген көзқарас өзгеріп, өндіріс орындарын жекешелендіру басталды. Жаңа кәсіпорындар ашылып, электр қуатына деген сұраныс артты. Сәйкесінше өндіріс көлемі артты. Алайда ол қажеттілікті толық жабуға мүмкіндік бермеді. Сондықтан энергетика саласын модернизациялаудың қажеттілігі туындады.

2009-2015 жылдарда шектеулі тарифтерді инвестицияға жұмсау аясында жаңа бағдарлама жасалып, нәтижесінде Екібастұздағы ГРЭС-1-дің 2 және 8-блоктары жұмысқа қосылды. Мойнақ стансасы салынып, ауқымды жобалар қолға алынды.
Ал 2010-2020 жылдар аралығын «Өрлеу кезеңі» деп есептеймін. Осы кездері, шамамен 2017 жылы Қазақстанның электр қуатына сұранысы 103 млрд кВт-қа жетті. Ал өндіріс 106 млрд кВт құрады. Артылған 3 млрд кВт-ты экспортқа жіберіп отырдық. Осылайша, энергетикада көптеген тың жұмыстар жасалып, жаңалықтар енгізілгеннің нәтижесінде жылдан-жылға өндіріс күшейіп, еліміз электр қуатымен толық қамтамасыз етілуде.
Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ болашаққа жүйелі түрде жоспар құрып, алдағы 10 жылдықта өндіріс орындарын модернизациялауды көздеп отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы