Главная Новости Еңбек пен өнерден нәр алған
13 ақпан 2024, 15:45 712

Еңбек пен өнерден нәр алған

Еңбек пен өнерден нәр алған

Уақытпен санаспай, табиғаты қатал, гулеген желі маңдайыңнан сипай қоймайтын мұнайлы аймақта аянбай еңбек еткен, мамандығына шын берілген, елінің ертеңі үшін тер төгіп, адал қызмет атқарған нағыз Азаматтардың еселі еңбегінің жемісін бүкіл ел болып көріп, бүгінгі ұрпақтың игілігіне жаратып отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз еткен еңбегі мен бен төккен тері аз емес, еңбекқорлығымен еленіп, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестердің алдында ерекше беделге ие болған - Қожа Нәбиұлы туралы болмақ.

Қожа Нәбиұлы жақсылар мен жайсаңдардың мекені болған, қойнауы құтқа толған Тұщықұдық ауылында 1961 жылдың 3 наурызында дүниеге келген. Бүгінде «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде слесарь-газовик қызметін атқарып жүр. Бүгінге дейін компанияның аса жауапты саласының тұтқасын ұстап, өз міндетін үлкен абыроймен атқарып келеді. Бұл кәсіп тікелей газбен байланысты болғандықтан қауіптілігі де, жауапкершілігі де жоғары. «Жөндеу жұмыстарын мұқият жүргізу - бұл өз еңбегін сүю», -дейді еңбек адамы. Бұл мамандықтың артықшылы-мамандықты ойдағыдай меңгеру біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты екенін айтып өтті.

«Аға буын мамандардан үлкен тәжірибе жидық, ізімізден ерген жастарға сол білгенімізді, жиғанымызды үйретуге тырысып жүрміз. Өндірістегі ең маңызды нәрсе – ұжым болып бірлесе жұмыс істеу. Сонда ғана нәтижеге қол жеткізесің. Цехтағы әр қызметкердің орны ерекше, ұжым ауызбірлігінің арқасында жұмысымызды ақсатпай, жоспарды ойдағыдай орындап, алға қадам басып келеміз», - дейді Қожа Нәбиұлы.

Жас кезінен ағасы Нәбиев Мергеннің қасында жүріп шопан қызметінде болып, мал шаруашылығымен айналысқан.

"Отан отбасынан бастау алады, ал адамның азамат болып қалыптасуы сол отбасынан басталады" демекші, құдай қосқан қосағы Тілектес Каухаровамен 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп 16 немере 3 шөбере сүйіп отыр. Үлгілі тәлім-тәрбие беріп отырған шаңырақ иесі. Тілектес апамыз он саусағынан өнер тамған тігінші. Қәзіргі таңда өз кәсібін дөңгелетіп әртүрлі құрақ көрпе, ұлттық киімдер тігуде. Қожа Нәбиұлының ата-анасы қарапайым шаруақор адамдар болғанымен баланы еңбекқор, білімді, жан-жақты қылып тәрбиелейді. «Өнер тамған он саусақ-үзілмейтін ырысың» демекші, - осындай асыл адами қасиеттерді бойына сіңіріп өскен Қожаның баласы Нәбиев Жеңісбек өнерлі азамат.

Жеңісбек «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ «Мұнайды айдау және өңдеу» цехының аға-механигі. «Жақсы еркектің ішінде Ер-тоқымды ат жатар» деп, - өмірлік хоббиі жылқы шаруашылығы және ата-бабалар мұрасын жалғастыру арқылы ер-тоқым жасау, қамшы өру шеберлігі бар екен. Отбасы мүшелері өте талантты. Бүгінде адал еңбекпен тапқан марапаттары шаңырағының төрінде жарқырап тұр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: