Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнының вахталық кентінде еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша еңбек ұжымымен кеңейтілген жиналыс өткізді. Кездесуге өндірістік басқарма, құрылымдық бөлімшелер басшылығы, серіктес мекеме қызметкерлері, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ бейінді басқармалар басшылары қатысты.
Кездесуді ашқан ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов соңғы 10 ай ішінде ҚБМ-дағы өндірістік жарақаттану бойынша статистиканы атап өтті. Осыған орай, алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығы мен жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне жету үшін бірқатар міндеттерді белгіледі.
Бұдан соң, ҚжЕҚ,ҚОҚжДҚД директоры Наурызбек Дүйсекенов жағдайды талдай отырып, сөз сөйледі. Ол жазатайым оқиғалардың себептері және компаниядағы еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Солардың бірі өндірісте жарақат алу қаупін азайтуға және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысу үшін қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған «Қорғау» бағдарламасы енгізілді.

Сондай-ақ, ҚБМ компаниялар тобының сәтті интеграциялануынан және қызметкерлер штатын кеңейтуден кейін халықаралық стандарттар, технологиялар және жаңа әзірлемелер енгізілуде. БжҰЖКЖБ үшін жұмыс алаңдарының конструкциясы өзгертілді, бейнебақылау камералары орнатылды, шеберлер оқыту курстарынан өтті, бригадалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасуда, озық тәжірибені жүйелей отырып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған оқиғаларды ішкі корпоративтік талдаудың жаңа түрлері енгізілді.

Өз кезегінде ҚБМ Басқармасы аталмыш жұмыс алдағы уақытта да қарқынды жалғасатынын атап өтті. Қауіпсіздік техникасын сақтау әркімнің маңызды міндеті, өйткені жұмысшылардың денсаулығы мен өмірі ең басты құндылық, деп қорытындылады басшылық.
Ашық диалог барысында қызметкерлер басшылыққа ЖҚҚ, құралдар және т.б. қатысты тікелей сұрақтар қойды. Кездесу соңында басшылық еңбек ұжымын компанияның басты мақсаты – жарақаттануды азайту және жазатайым оқиғалардың нөлдік деңгейіне жету үшін күш біріктіруге шақырды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!