Главная Новости Еңбекке құштарлық
15 қыркүйек 2021, 09:01 1365

Еңбекке құштарлық

Еңбекке құштарлық

Осыдан 60 жыл бұрын маң қиян түбекте жеті қат жер астына жасырынған қара алтын фонтаны атқылады. Содан бері Маңғыстауда үздіксіз мұнай өндіру жұмыстары басталып, әлі күнге дейін жемісті жалғасып келеді. Ғұмырының отыз жылдан астам уақытын Қаражанбас мұнайын игеріп, ел игілігіне арнаған жұмысшылардың бірі – Жақсыбек Рахманов.

Еңбек жолын №1 мұнай өндіру цехында бастаған Жақсыбек, өндіріс өмірінің барлық сатысынан өткен. Ол аталмыш цехта 15 жылдай еңбек етіп, артынша орталық инженерлік-технологиялық қызметіне ауысты. Кейіпкеріміз Қаражанбастағы қайнаған еңбекпен өтіп жатқан жылдар оны адам ретінде де, маман ретінде де шыңдағанын жасырмайды.

«Мен кен орнына еліміз тәуелсіздік алып жатқан шақта келдім. Ол кезде бәрі басқаша болатын. Өндіріске техника жетіспейтін, жұмысшыларға қазіргідей жағдай жасалмаған. Бірақ, бізді еңбекке деген құштарлық алға жетеледі. Қаражанбастың тұтқырлығы жоғары мұнайын өндіру де оңай шаруа емес. Жаңа әдістер енгізіліп, Қаражанбас қарыштап дами бастады», – дейді Жақсыбек Рахманов.

Ізденуден шаршамайтын, үйренуден жалықпайтын жақсы маман – ұжымның жүрегі. Әріптестерін игі іске үгіттеп, ел экономикасын өрге сүйреуге талаптанып жүрген Жақсыбек Рахманов солардың бірегейі. Оның Қаражанбастағы өнегелі жолы мен Маңғыстау мұнайын игерудегі өлшеусіз үлесі жас мұнайшылар мен ұрпағына үлгі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: