Главная Новости Еңбекпен келген жол: Әлібек Жолдасбектің кәсіби жолы
21 января 2026, 15:03 43

Еңбекпен келген жол: Әлібек Жолдасбектің кәсіби жолы

Еңбекпен келген жол: Әлібек Жолдасбектің кәсіби жолы

Әлібек Жолдасбек Шымкент мұнай өңдеу зауыты №3 технологиялық цехының мұнайды терең өңдеу кешені бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Ол кәсіпорында еңбек жолын оператор болып бастаған. 10 жыл ішінде өндірістің барлық қыр-сырын, түнгі ауысымның жауапкершілігін, технологиялық операциялардың маңызын жан-жақты меңгеріп, өз ісіне адал болуды үйренді. Жинаған білімі мен тәжірибесінің арқасында уақыт өте келе аға оператор, кейін қондырғы бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Бүгінде цех бастығының орынбасары болып, үлкен ұжымға жетекшілік етіп отыр.

Әлібек Мұхтарұлы жұмыс істейтін №3 цех мұнайды терең өңдеу және жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығару процесінде негізгі рөл атқарады. Цехта 200-ден астам білікті маман еңбек етеді.

Мұнда жастар үшін оқып-үйренуге, біліктілікті арттыруға, кәсіби дамуға және инновациялық шешімдерді енгізуге барлық жағдай жасалған.

— Жұмысшы мамандығы адамды шыңдайды, мықты қызметкер болуға жол ашады және өз еңбегінің жемісін нақты көруге мүмкіндік береді. Ең бастысы — таңдаған жолдан таймай, жауапкершілікті сезініп, сеніммен алға қадам басу, — дейді Әлібек.

Оның пікірінше, кез келген адам қажырлы еңбек, тәртіп пен білімді тұрақты жетілдіру арқылы биік асуларды бағындырып, табысты мансапқа қол жеткізе алады.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: