Главная Новости Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік: 2025 жылдың қорытындылары
29 января 2026, 15:35 50

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік: 2025 жылдың қорытындылары

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік: 2025 жылдың қорытындылары

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов 2025 жылы еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметтің қорытындыларын шығару бойынша кеңес өткізді. Өткен жылдың нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың саны 2024 жылмен салыстырғанда екі есе азайды. Бұл динамика іске асырылып жатқан шаралардың нәтижелілігін және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүйелі көзқарасты айғақтайды.

Өткізілген іс-шаралар, өндірістік бақылау нәтижелері және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігі туралы «Еңбек қорғау» департаментінің директоры Дүйсенбек Шардарбеков баяндама жасады. Есептік кезеңде заманауи технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, бейнеаналитика жүйелерін енгізуге, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселелеріне, кәсіптік тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға ерекше назар аударылды.

Компаниялардың барлық тобы үшін арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптардың бірыңғай стандарты бекітілді. Өндірістік бақылау аясында жұмыс орындарын тексеру және аралау жүргізілді, бұл ретте анықталған бұзушылықтардың көпшілігі белгіленген мерзімде жойылды.

Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған нөлдік жарақатқа қол жеткізуге, қауіпсіздік саласындағы цифрлық құралдарды одан әрі дамытуға және басқарудың барлық деңгейлерінде дербес жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған басым міндеттер айқындалды.

Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтов қызметкерлердің қауіпсіздігі Компания үшін ең маңызды басымдық болып қала беретінін, ал жарақаттану деңгейін тұрақты төмендету тек жүйелі жұмыс, басшылықтың белсенді қатысуы және әрбір қызметкердің саналы, жауапты көзқарасы кезінде ғана мүмкін екенін ерекше атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: