Главная Новости Еңбекті қорғау саласындағы кәсіби жетістік
28 января 2026, 16:19 47

Еңбекті қорғау саласындағы кәсіби жетістік

Еңбекті қорғау саласындағы кәсіби жетістік

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өндірістік кәсіпорындардың техникалық инспекторлары қатысты.

2026 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің отырысы барысында конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша екінші орын«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС

қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың техникалық инспекторы Абдрахманов Нариман Қайроллаұлына табысталды.

Нариман Қайроллаұлы 2016 жылдан бері техникалық инспектор қызметін атқарып келеді. Оның кандидатурасы өндірістік кеңестің шешімімен бекітілген.

Өз сөзінде ол техникалық инспектор қызметінің маңыздылығына тоқталды:

«Техникалық инспектор жұмысының басты мақсаты — тек заңбұзушылықтарды анықтау емес, тәуекелдерді жою, қызметкерлерге ықтимал қауіптерді түсіндіру және еңбек қауіпсіздігі талаптарының толық сақталуына қол жеткізу», — деді Нариман Қайроллаұлы.

Нариман Қайроллаұлын лайықты марапатымен құттықтай отырып, қоғамдық бақылау саласындағы және станция ұжымына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметіне толағай табыс тілейміз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: