Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ негізгі құндылықтарының бірі – өндіріс алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жұмысшылардың кәсіби дайындығын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту және өндірістік жарақаттану қаупінің ықтималдығын азайту мақсатында қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті жұмысшыларды жазатайым оқиғалар мен жарақаттануды болдырмау бойынша ынталандыру бағдарламасын бастады. Бұл еңбекті қорғау маңыздылығын және осы саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
Аталмыш іс-шара аясында 200-ге жуық жұмысшы қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталды. Олар өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жауапкершілікті сезінуімен әріптестіне үлгі. Оған қоса осы бағыт бойынша басшылықпен бірлесе жұмыс істеудің қажеттілігін түсінеді. ҚТ ережелерін қатаң ұстанатындардың бірі – Қанболат Естеков. Ол 10 жылдан астам уақыттан бері №1 мұнай өндіру цехында оператор болып жұмыс істейді және барлық ережені сақтауға тырысады. Басшылық нәтижелі жұмысты ынталандыру мақсатында Қанболатқа марапат табыс етті.

«Ережелерді сақтау ең алдымен өзіміз үшін қажет. Себебі өмір мен денсаулық қауіпсіздігі осыған тікелей байланысты, ал өндірістік процестер қателіктерді кешірмейді. Басшылықтың біздің тырысқанымызды байқап, ынталандырғаны қуантады», – деді Қанболат Естеков.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі ҚБМ өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай болуға ұмтылады. Оған қоса еңбекті қорғау, өндіріс пен өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін тұрақты жетілдіру – басты мақсаттардың бірі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
22
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде