Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының 5-дәрежелі жөндеуші-слесарі Мамыртай Тасмұратовқа «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
2 қыркүйек күні болған салтанатты жиында мұнай-газ саласы қызметкерлерін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев құттықтап, мұнай өнеркәсібінің ұлттық экономикадағы маңыздылығына тоқталды.
«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде отын-энергетика кешені еліміздің барлық экономикасының дамуының локомотиві болды. Бір ғана мұнай-газ секторы ел бюджетінің 44 пайызын құрайды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Салтанатты жиын аясында министр саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, мерейтойлық медальдар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында әріптесіміз «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының 5-дәрежелі жөндеуші-слесарі Мамыртай Тасмұратовқа «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табысталғанын қуана хабарлаймыз.
Әріптесімізді марапатымен құттықтап, еңбегіне жеміс тілейміз!
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі