Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы ескірген активтерді жаңарту керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып саналады. Министрлік тұтынушыларды және ел экономикасын энергиямен сенімді жабдықтау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанның электр энергетикасы саласы қолданыстағы активтерді жаңартуды қажет ететінін атап өту қажет. Қолданыстағы қуаттар өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған», – деді Жандос Нұрмағанбетов.
Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларының қолда бар қуаты 19,1 ГВт, ал 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде электр қуаты 15,4 ГВт құрады.
Таратылған мәліметке қарағанда, 2022 жылдың 7 айында электр энергиясын өндіру 64,993 млрд кВтсағ болса, аталған кезеңде электр энергиясын тұтыну 64,790 млрд кВтсағ деңгейіне жетті.
«Электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі тиісті шараларды қабылдады. Оңтүстік өңірде қуаты 330 МВт «Жамбыл ГРЭС» АҚ 2 энергоблогы пайдалануға берілді. Сонымен қатар тапшылық кезінде майнинг фермаларына шектеу тетігі енгізілді», – деді вице-министр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету