Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Энергетика саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер негізіндегі жобалар тұтынушылардың, клиенттер мен серіктестердің тұрмысын жеңілдетеді, сондай-ақ компанияның жұмыс тиімділігін арттырады.
Самұрық-Энерго құжат айналымын, жабдықтау жүйелерін автоматтандырып, цифрлық архив жасау идеясын дамытуда.
Компанияның жобалар портфелі аясында еншілес компаниялардың біріндегі web-платформада тұтынушыларға арналған бөлімнің мүмкіндігі кеңейтілді. Енді энергия жеткізуші мекеменің аудандық бөлімшелеріне бармастан, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтының жеке кабинетінде мәселені шешуге болады. Бұл Covid-19 індеті қайта өршуіне байланысты, көпшілік жиналатын орындарға көп бармау ұсынылған кезеңде өте маңызды.
«Есептеу құралдарының көрсеткіштерін электронды түрде жіберу, тұтынылған электр энергиясы үшін төлем шотын алу секілді қызметтердің жедел әрі қатесіз көрсетілетініне біз кепілдік береміз. Бірқатар қызметтерді көрсету, соның ішінде өзара есеп айырысуды тексеру актілеріне және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою ЭЦҚ арқылы көзделген», – деп түсіндірме берді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директорының сату жөніндегі орынбасары Ольга Антонова.
Жеке кабинетте төлем жасаудың мерзімдері туралы ескертпелер, қарыздың сомасы және электр энергиясының алдағы уақытта қашан сөндірілетіні туралы ақпарат орналастырылған. Көрсетілетін қызметтердің тізбесі кеңейтіле түспек.
«Клиенттеріміз қазір жеке кабинетте тіркелмей-ақ, сайтта QIWI әмияны арқылы онлайн төлей алады. Жеке тұлғалар үшін банктердің мобильдік қолданбалары арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған», – дейді Ольга Антонова.
Қаңтар айында онлайн қызмет ала бастаған 300 заңды тұлға белгілі болды.