Главная Новости Энергетиктер IPO шарттарымен танысты
06 қазан 2022, 08:04 848

Энергетиктер IPO шарттарымен танысты

Энергетиктер IPO шарттарымен танысты

«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Қазақстан қор биржасы (KASE), Халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) сарапшылары, сонымен қатар брокерлік ұйымдардың өкілдері «KEGOC» АҚ ұжымымен жекешелендіру бағдарламасы және «Самұрық-Қазына» АҚ IPO бойынша ақпараттық кездесу өткізді.

KASE және AIX өкілдері қор биржасының қалай жұмыс істейтінін, оның IPO ұйымдастырудағы рөлі, «Қазатомөнеркәсіп», «KEGOC» және «ҚазТрансОйл» сияқты компанияларда IPO-ның табысты өтуінің үлгісі, қор нарығының қаржы құралдары, IPO өткізу кезеңінде инвестициялаудың артықшылықтары, ресми ақпарат көздерінде шыққан қаржылық есептеме арқылы компанияның қаржылық жағдайын тексеру мүмкіндігі туралы айтып берді.

Tabys мобильді қосымшасы немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы IPO-ға қатысу ыңғайлы тәсілдердің бірі болып табылады. Акцияларды сату үшін кейіннен брокерден шот ашу қажет болады. Акцияларды сатып алу кезінде қазақстандықтар компанияның пайдасынан дивидендтер түрінде пайда ала алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: