Главная Новости Энергетиктердің көктем мерекесі
11 мамыр 2022, 14:08 1473

Энергетиктердің көктем мерекесі

Энергетиктердің көктем мерекесі

7 мамырда «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінде АлЭС жұмыскерлері Наурыз  мерекесін атап өтті. Мерекеге дәстүр бойынша энергетика ардагерлері қатысып, қонақ болды.

Мерекені ҚЭҚ энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрпейісов Советхан Сейітқалиұлы ашты. Ол АлЭС жұмыскерлерін Наурыз мерекесімен, көктемнің және жаңарудың жарқын мерекесімен құттықтап, ұжымға амандық, табыс, қауіпсіз жұмыс және өндірістік жетістіктер тіледі.

Әр департамент әдемі дастархан жайып, мерекелік концерт дайындады. Наурыздың басты тағамы наурыз көже ұсынылды, сондай-ақ үстелге палау, бауырсақ, талқан, құрт, ірімшік қойылды.

Мереке қонақтарына тамаша концерттік бағдарлама дайындалған. Бағдарламада Оразбаев атындағы 1-ЖЭО,  Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, БЖК, ОҚТО және Бас кеңсе жұмыскерлерінің музыкалық нөмірлері мен билері  және флешмоб ұйымдастырылды.

«Біз Наурыз мейрамына алдын ала дайындалдық. Өткізетін алаңды таңдадық, барлық өнер көрсеткен, атсалысқан жандарға сыйлықтар сатып алдық. Лагерді мерекелік безендіріліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырдық», – деді «АлЭС» кәсіподағы төрағасы Серік Тымбасбаев.

Қонақтар мен олардың балалары жарқын ұлттық костюмдерде болды. Үздік ұлттық костюм үшін барлық балалар ойыншықтармен марапатталды. Қызметкерлердің балалары үшін арнайы қуыршақ театрының көшпелі қойылымы ұйымдастырылды.

Кеш қонақтары ұлттық ойындарға белсенді қатысты, көктем, Наурыз мерекесі туралы әндер айтты, қазақ билерін биледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: