Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Парламент Сенатының пленарлық отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.
Ведомство басшысы аталған заң жобасын қабылдау энергия сыйымдылығын төмендетуге, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және көмірсутек ресурстарының жаңа түрлерін өндіруді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Жоба Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпорындардың энергия тиімділігі бойынша талаптарды күшейту, сондай-ақ Президенттің Алматы қаласындағы екінші жылу электр орталығын көмірден газға ауыстыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, Алматы қаласы мәслихаты мен әкімдігінің сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы құзыретін кеңейту ұсынылады. Осы ретте бүгінгі таңда станцияларды көмірден газға ауыстыруға бағытталған іс-шаралар бойынша инвестицияларды қайтару тетігі жоқ екенін атап өткен жөн.
Заң жобасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге, сондай-ақ баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды сала отырып, жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейтуге инвестицияларды қайтару тетігін енгізуге бағытталған түзетулер көзделеді.
Осылайша, ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу бойынша жауапты тұлғаларды бекіту ұсынылады. Сонымен бірге аталған заң жобасы энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі функцияларды персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдарға беруді көздейді. Бұл шаралар сала сарапшыларының кәсіби деңгейі мен жүргізілетін энергия аудиттерінің сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Жекелеген түзетулер мемлекеттік шекара арқылы шекара бөлімдері және автомобиль өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарын салуға қатысты болып табылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
71
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
79
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы