Главная Новости Энергонысандар жылыту маусымына дайындықты бастады
19 мамыр 2022, 09:16 1061

Энергонысандар жылыту маусымына дайындықты бастады

Энергонысандар жылыту маусымына дайындықты бастады

Қазақстан өңірлеріндегі жылыту маусымы аяқтала салысымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық энергетикалық кәсіпорындары 2022-2023 жылдың жаңа күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындықты бастап кетті.

Өткен күзгі-қысқы жылыту маусымында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр станциялары міндеттелген барлық электр және жылу жүктемелерінің кестесін толық көлемде орындағанын айта кеткен жөн. Жылу желілерінің температуралық кестеден ауытқымауы қамтамасыз етілді. Тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз жеткізумен қатар көмір тиеу де толық көлемде жүзеге асты.

2022 жылдың жөндеу науқаны барысында электр энергетикалық холдингтің энергия өндіруші ұйымдарының 9 қуат блогына, 13 құбыр агрегатына, 20 қазандық агрегатына, 21 сужылыту қазандығына, 19 су агрегатына және ЖЭО-2-нің 2 жылу магистраліне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда станцияның  84 негізгі жабдығы жөндеуден өтеді.  

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын таратушы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның 191 км кабельдік, 1877 км әуе желілері, 35-220 кВ 205 қосалқы станциясы, 745 трансформаторлық қосалқы станция, 942 таратушы орталықтары мен 71 ғимаратында жөндеу жұмыстары жоспарланған. 

2021-2022 жылғы жылыту маусымы барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергетикалық кәсіпорындары 21,2 млрд кВтс электр энергиясын өндіріп, 27,0 млн тонна көмір сатқанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, 5,1 млн Гкал жылу энергиясы босатылды, 4 210,6 млн кВтс электр энергиясы  жеткізіліп,  3 602,6 млн кВтс электр энергиясы сатылды.

Өзбекстан Республикасына Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станцияларынан 592,8 млн кВтс көлемінде электр энергиясы экспортталды.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес, 2021-2022 жылдың жылыту маусымы төмендегі мерзімдерді қамтыды:

  • Павлодар облысы: 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 2022 жылдың 27 сәуіріне дейін;
  • Алматы облысы: 2021 жылдың 2 қазанынан 2022 жылдың 5 сәуіріне дейін.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: