Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Еліміздің қарыштап дамуы үшін қоғамның сан саласында қызмет етіп жүрген еңбек адамының әрқайсысы ерекше құрметке лайық. Әсіресе жер қойнауынан қара алтын игерумен айналысатын мұнайшылар экономиканы алға сүйрейтін қозғаушы күш. Солардың бірі өмірінің 37 жылын Қаражанбас кен орнымен байланыстырған №1 мұнай өндіру цехының операторы Бақытжан Қашақов.
Кейіпкеріміз компаниядағы қызметін қатардағы слесерь-жөндеуші болып бастаған. Топтық қондырғы аумағындағы ұңғымаларға қызмет көрсетіп, істен шыққан сораптарды жөндеумен айналысқан Бақытжан жыл өткен сайын тәжірибесін шыңдап, өз ісінің шеберіне айналды. Кейін қызметін мұнай және газ өндіру операторына ауыстырып табысты еңбек етті. Мұнайшы жұмыс барысында кәсіби жетістіктерімен көзге түсіп, сан мәрте алғыс хат, құрмет грамоталары жәнемедальдармен марапатталған.
«Қаражанбас мыңдаған мұнайшының берекелі еңбек ордасына, тіпті екінші үйіне айналған қазыналы мекен. Мұнда біз Бозашы түбегінің қара алтынын өндіру үшін күні-түні тынымсыз тер төктік. Ұйымшыл ұжыммен бір үйдің баласындай тату қызмет етіп, ортақ абыройымызды арттырдық деп ойлаймын. Қаражанбас еңбек ұжымының әлі де алар асуы алда екеніне кәміл сенемін», - дейді Бақытжан Қашақов.

Уақыт жүйрік аттай зулап, Бақытжан Қашақов өмірінің қызмет деген тарауын қорытындылайтын кезеңге жетті. Құрметті демалыс алдында оғанӨндірістік Басқарма басшылығы мен цехтағы ұжымдастары ерекше құрмет көрсетті. Адамдық асыл қасиетімен дараланып, мамандығының майталманы атанған мұнайшының жүріп өткен өнегелі еңбек жолы өндірістегі әр жас маманға үлгі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
171
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету