Главная Новости Ерекше қажеттілігі бар 80 жас маман цифрлық мамандықтарды меңгерді
28 марта 2025, 15:56 3125

Ерекше қажеттілігі бар 80 жас маман цифрлық мамандықтарды меңгерді

 Ерекше қажеттілігі бар 80 жас маман цифрлық мамандықтарды меңгерді

OrleTECH 3.0 жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ, Shell және «IteachMe» қоры бірлесіп жүзеге асыруда.

Былтыр ерекше қажеттіліктері бар 120 адам цифрлық мамандықтар бойынша оқуды сәтті аяқтады. Олардың 80-і жұмысқа орналасты, қалған 40 түлек үшін қолайлы жұмыс орындары қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта бағдарлама түлектері нарыққа бейімделіп, экономиканың әртүрлі салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Мысалы, Степан Патрашков – жетекші жаңалықтар порталдарының бірінде SMM маманы болып жұмыс істейді. Ал Татьяна Гейзер дизайнер-беттеуші жұмысының қыр-сырын үйренуде. Берік Байжанов, Ольга Лаас, Диана Үсентаева және Эдуард Сучков ірі халықаралық компания (такси қызметі) қолдауымен жүзеге асырылатын «Қаржылық қауіпсіздік» жобасында еңбек етуде.

Жоба түлектері оқу сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды меңгерумен қатар, өзін-өзі дамыту үшін де маңызды қадам болды дейді. Бағдарлама олардың өз күшіне сенуіне көмектесті, ал жаңа дағдылар жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыра түсті.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: