Главная Новости Еріктілер жылынан Ардақ Назаров не күтеді?
26 қараша 2019, 12:30 2758

Еріктілер жылынан Ардақ Назаров не күтеді?

Еріктілер жылынан Ардақ Назаров не күтеді?

Осы қазір елордада өтіп жатқан, "Самұрық-Қазына" қоры компаниялары жастарын біріктірген "Jas Samuryq" слетіне тәрбиелік мағынада жақсы ойлар айтып жүрген қоғам қайраткері, белгілі спорт саңлағы Ардақ Назаров қатысуда. Ол 2020 жылы кеңінен басту алатын еріктілер қозғалысынан не күтетінін әңгімелеп, өз басынан өткерген әсерлі оқиғамен бөлісті. 

"Жақсылық жасау үшін көп қаржының қажеті жоқ. Маған кім ақша береді деп тоспау керек. Ең бастысы ұлдарымыз намысты, қыздарымыз ибалы болып, елге жанашырлықпен қарау қажет", - деп төтесінен бастаған Ардақ Бауыржан Момышұлы, Абай мен Мұхтар Әуезов сынды ұлылардың тәлімді ғұмырынан келтірді. 

Қазақ жастары үшін Қазақстаннан басқа ел жоғына назар аударған оның пікірінше, әрбір жан ең бірінші кезекте қоғам мен ата-ананың және ұрпақтың алдындағы парызды ұмытпаған жөн.

Осы орайда Ардақ Назаров, волонтерлік салаға байланысты студенттермен кездесуден естеліктен әңгімеледі. 

"Сол бір шарада диплом ала алмаған жас жігіттің өзіне қол салғысы келген жанайқайын естідім. Мұндай әлсіздікке қынжылғанмен, сабыр сақтауға тырыстым. Кездесуге шақырдым. Келді, түрі келісті, бойы ұзын, сымбатты жігіт. Мұңын мұқият тыңдап, өмірде небір қиындықтар жолығатынын, әлі де ел үшін жақсылық жасауға болатынын санасына құйып, намысын жаныдым. Содан 1 жылдан кейін көрдім. Сөйтсем еріктілерді жинап, қор ашыпты. Қыруар шаруа атқарған, қарияларға, балалар үйіне көмектескен. Міне өзім куә болған шынайы оқиға. Демек, волонтерлік, ол - азаматтық борышқа адал болу, игілікті істерден шаршамау. Бұл біле-білгенге бақыт", - деп түйіндеді спикер жастардың зор қошеметіне ие болған күйде.

Құрылтайда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ цифрландыру және трансформация жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев, бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Ұлттық еріктілер желісінің жетекшісі Татьяна Миронюк, "Замандас" аула клубтарының директоры Ләззат Алшынова жастармен сұхбаттасты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: