Главная Новости Ерсейіт Қайыпов «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды
02 июня 2026, 12:57 77

Ерсейіт Қайыпов «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Ерсейіт Қайыпов «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Ерсейіт Жолмырзаұлы Қайыпов 1988 жылы дүниеге келген.

2011 жылы Қытай мұнай университетін «Өндіру және мұнай-газ кен орындарын игеру», сондай-ақ «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы Абердин университетінде (Шотландия) мұнай-газ ісінің магистрі дәрежесіне ие болды. 2016 жылы «Болашақ» университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдады.

Еңбек жолын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да материалдарды бақылау маманы болып бастаған. Әр жылдары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қабаттарды игеру инженері, «Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орындарды модельдеу инженері, «KazPetrol Group» ЖШС геология және игеру департаменті директорының орынбасары, «Құл-Бас» ЖШС және «ДМС Сервисес» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Азия газ құбыры» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС – ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны. Компания Қызылорда облысының кен орындарында көмірсутек шикізатын барлау, игеру, өндіру және өткізу қызметін жүзеге асырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: