Главная Новости Есенқос Бисалиев: Қиын жылдардың көбін көрдік...
22 тамыз 2018, 05:14 2347

Есенқос Бисалиев: Қиын жылдардың көбін көрдік...

Есенқос Бисалиев: Қиын жылдардың көбін көрдік... Сурет автордікі

40 жылға жуық еңбек жолын еңсерген абыройлы азамат, №1 мұнай және газ өндіру цехының 5-ші дәрежелі операторы Есенқос Бисалиевпен әңгіменің ажары қазыналы кен орындарын игерудің бастауында тұрған ардагерлерге келгенде ашыла түсті.

Кейіпкеріміз вагондарда бірге тұрып ыстыққа күйген, аязға тоңған, «Қаламқастың мұнайын ел игілігіне жұмсаймыз» деп моншақтата тер төккен Көшербай Әлібаев бастаған майталмандарды сағына еске алды. Сонан соң Серік Қазиев, Мамай Аманшиев, Аркадий Лигай, Қосай Жұбаназаров бастаған озаттар бейнесін санада тізбектеді. №3 бригададағы әріптестерім деп Бақыт Иманбаев, Секербай Байманов, Жақып Марабаев туралы ауыз толтыра айтты. Он бастығын санамалағанда Кенжеғали Назаралиев, Сырым Қаржауов, Нұрпейіс Сәрсенбай, Әлібек Байназаровқа келіп бір-ақ тоқтады.

Өзен кен орнында еңбек жолын бастап, 1981 жылы «Комсомольскнефть» деп аталған тұста еңбекке араласқан 23 жастағы бозбала талай мықтылармен үзеңгі қағыстырып, ел дамуына үлес қосқанын қимастықпен еске алады. Бүгінде атынан ат үркетін мықтылардың алдын көргенін абырой санайды. Есенқос ағамен сырлы сұхбатымыз осылай өрбіді. Өзінің өскен ортасы туралы:

– Әкем Қалдаш Сабырғалиұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, анам Нұржамал Көшенқызы мұнайшы болған кісілер. Сол кісілердің тәлім-тәрбиесін темірқазық қып, Мақаттан Маңғыстауға қоныс аудардық. Қиын жылдардың көбін көрдік. Қазір жайдарман шақта өмір сүріп жатқан ұрпақ үшін қуанамын, – деп сөзін сабақтады ол.

Баянды ғұмырын кен орнының басында өткізген Есенқос ағаның қимылы епті - ертесімен тұрып өзіне тиесілі 20 шақты ұңғының жағдайын саралайды. Күніне 1100 текше метр мұнай беретін №62 топтық қондырғысының үздіксіз жұмысын өз жауапкершілігіне алған. №1 цех ұжымының арасында Есенқос Бисалиевті аға ұстаз деп танитындар көп. Әсіресе өндіріске келген өрімдей жастардың ардақты тұлғаны айналшықтап, талай жылғы тәжірибесі мен білім-білігін үлгі тұтатындары аз емес.

Расында еңбек адамы Есенқос аға құрметтен құралақан емес. Құрмет грамотасынан соң «Ерен еңбегі үшін» медалін иемденіпті. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мұнай саласына сіңірген еңбегі үшін» деген марапаттары – маңдай тері мен адал еңбегінен тапқан несібесі. Еңбегі берекелі, тұрмысы бақуатты Есенқос Бисалиев екі ұл мен бір қыздың әкесі. Бүгінде Құдай қосқан қосағымен немере сүйіп, тату күн кешкен шаңырақтың ынтымағы мен бірлігі жараса берсін дейміз!

Жаннат КЕМАЛ

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: