Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құжаттың жобасын депутаттарға Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов таныстырды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Сенат депутаттары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады.
«Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен қалыптастыру жоспарлануда. Аталған міндетті Жоғары экономикалық кеңестің шешімдерін іске асыру үшін: 2015 жылғы 8 мамырда Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді», – деді министдің орынбасары.
Оның айтуынша, аталмыш тұжырымдама Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ электр энергетикалық нарығының мақсаттары мен міндеттерін, оның нысаналы моделін, басқару құрылымдарын, нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін, реттеудің нысандары мен әдістерін айқындайды, сондай-ақ нарықты қалыптастыру кезеңдерін қамтиды.
«Бағдарлама ұйымдастырушылық, заңнамалық және технологиялық іс-шаралар кешенін, оның ішінде жедел келісімшарттар бойынша және бір тәулікке алға ортақ нарықта сауданың электрондық жүйесін, ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтиды, сондай-ақ ортақ электр энергетикалық нарықты реттейтін актілер жүйесін дайындауды көздейді. Ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, тараптар Еуразиялық эконмикалық одақтың ортақ нарығын қалыптастыру кезінде қолданыстағы ұлттық электр энергетикалық нарықтарды, оның ішінде қуат нарықтарын сақтау жөнінде келісімге қол жеткізді», – деді Жандос Нұрмағанбетов.
Оның айтуынша, одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының мынадай қағидаттары көзделген:
Сенат депутаттары заң жобасын тур қабылдау туралы шешім шығарды.