Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бірқатар еуропалық мемлекет Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарына кіруге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың Брюссельде еуропалық ұйымдардың басшыларымен өткізген бірқатар екіжақты кездесуінде белгілі болды.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бельгия астанасында Марат Қарабаев еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен, көлік жөніндегі еурокомиссар Адина Валеанмен, ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен, сондай-ақ BESIX бельгиялық-француздық құрылыс компаниясының бас директоры Филипп Дессомен кездесіп, онда Қазақстан мен Еуропалық одақтың құрылыс, энергетика, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланған.
Сондай-ақ Марат Қарабаев Hyrasia One компаниясы мен «Саржа» теңіз терминалы арасындағы Құрық портынан Еуропаға таза сутегі мен аммиакты тасымалдау жөніндегі келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Келісімшарт тағы бір көпфункционалды «Саржа» терминалының құрылысын бастауға мүмкіндік береді.
– Біз тиімді транзиттік трансконтинентальдық дәліздер мен маршруттар желісін құрдық. Шығыс-Батыс бағыты бойынша Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарының рөлі арта түсті. Бұған 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕО, ОА және ҚХР арасындағы жүк тасымалы көлемінің екі есе өсуі дәлел, – деді көлік дәліздері бойынша пленарлық және панельдік сессияға қатысқан Марат Қарабаев.
Сонымен қатар 2017 жылдан бастап Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Румыния, Польша және Болгарияның қатысуымен Халықаралық ТХКБ қауымдастығы жұмыс істейтінін атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл күндері Австрия, Германия, Литва, Латвия, Эстония және Венгрия аталған көлік бағдарына кіруге қызығушылық танытып отыр.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
60
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы