Главная Новости ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-дің қазақша прототипін жасады
23 ақпан 2024, 16:38 1348

ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-дің қазақша прототипін жасады

ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-дің қазақша прототипін жасады

Жасанды интеллект енді қазақ тілінде қолжетімді болмақ. Ғылыми-зерттеу университетіне айналған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды. 

«Енді басқа тілге алаңдамай қазақша жасанды интеллект қолданатын боламыз, жақын уақытта. ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады. Ғылыми-зерттеу университетіне айналған Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды», – деп жазды Мұратбек Тоқтағазин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі ғылым атаулы ай сайын емес, күн санап емес, сағат санап дүркірей дамып жатыр. Әсіресе жасанды интеллект ғаламторда пайда болғаннан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарында қарқын артты.

«Қазір әрбір университет осы жарыс көшінен қалмауға тырысып отыр. Солардың көшін бастап тұрғандардың басында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де бар. Қазір айына бірнеше жаңалықтың куәсі болу қалыпты жағдайға айналды.ЕҰУ ғалымдары мемлекеттік тілдегі жасанды интеллект жүйесін 5 айдың ішінде әзірледі. ChatGPT чат-ботының қазақстандық үлгісі үлкен көлемдегі деректерді талдай алады, сұрақтарға жауап береді, мәтіндер құра алады, сонымен қатар қазақ тілінің барлық морфологиялық және синтаксистік ережелерін біледі.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ „Жасанды интеллект“ ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлібек Барлыбаевтың сөзі ғылыми жұртшылықты дүр сілкіндірері анық: „Біз қазақ тілінде бірінші ірі LLM тіл үлгісін жасадық. Жүйе нейрондық желі архитектурасы негізінде қазақ тіліндегі кез келген мәтінді түсінуге және өз біліміне сәйкес жауап беруге қабілетті», – деді ол қуана хабарлап. 

Профессордың пікірінше, олар жасаған ChatGPT прототипі қазақ тілінің ережелерін түсінеді, әріптер мен буындар, сөздер мен сөйлемдер арасындағы барлық тізбектерді есте сақтайды, сонымен қатар синтаксистік және грамматикалық тұрғыдан дұрыс әрі пайдаланушының сұранысына сәйкес келетін дәрежеде жауап бере алады.

«Ғалымдар жүйенің қазақ әдеби шығармаларын, нормативтік құжаттамалар мен ғылыми материалдарды дайындау бойынша тәжірибелер жүргізіп көрді. Олар жасанды интеллект моделін білім беру үрдісінде қолдануды ұсынбақ. Чат-боттың білімін қажетті ақпаратты нақтылау үшін пайдалануға болады. PhD докторы Әлібек Барлыбаевтың пайымдауынша, „Мектеп оқушылары емтиханға дайындалу кезінде тесттегі кейбір ақпаратты, мәселен, математика теңдеуі немесе химиядағы терминді түсінбеді делік. Өздері нақтылағысы келеді, бірақ олардың қасында мұғалім болмайды. Сондай кезде балалар жүйеге сұрақ қойып, өте тез және қысқа жауап алады. Содан кейін олар қосымша сұрақтар қоя алады. Бұл технологияны жалпы білім беретін курстарды жиі оқитын бастапқы курстардың студенттері үшін де пайдалануға болады.Бүгінде ІТ саласындағы ғалымдар мен мамандар жобаның техникалық және серверлік мүмкіндіктерін нығайтып, одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Болашақта бұл жоба әлем елдеріндегі қандастарымыз күн сайын дерлік қолданатын құрал болары хақ», – деп жазды Марат Тоқтағазин парақашасына. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: