Главная Новости Феруза чемпиондық атағын қорғап қалды (видео)
10 қыркүйек 2018, 08:33 1913

Феруза чемпиондық атағын қорғап қалды (видео)

Феруза чемпиондық атағын қорғап қалды (видео) Сурет: tengrinews.kz

"Самұрық-Қазына" қоры басты серіктес болған бокс кеші Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. "Хабар" арнасынан тікелей көрсетілген жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы ару Феруза Шәріпова жеңіл салмақтағы IBA чемпиондық атағын қорғап қалды.

Отандасымыз жергілікті спорт кешеніндегі басты қолғап түйістіруде бұған дейін жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы қыз Юлия Куценконы жеңді. 

10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Осылайша 24 жастағы қазақстандық боксшы қыз бірауыздан кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуінде уақытынан бұрын қарсыласын жеңіп шыққан. Бір жекпе-жегінде жеңілген.

Феруза Шәріпова IBA чемпиондық атағынан өзге екінші жеңілірек салмақта IBO және WBC Silver белбеулеріне ие.

Айтпақшы, Санкт-Петербургтегі жекпе-жекке Ферузаны алдағы уақыттағы міндетті жекпе-жекте тосып тұрған, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие фин боксшы қызы Ева Вальстрем де арнайы келді. Феруза жанкүйерлеріне алғыс айтып, абсолютті чемпион атану үшін күш салатынын жеткізді.
 

Шәріпова-Куценко жекпе-жегіне шолу
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: