Главная Новости Финляндия Транскаспий дәлізін Қазақстанмен бірлесіп дамытуды қалайды
27 ақпан 2023, 15:27 927

Финляндия Транскаспий дәлізін Қазақстанмен бірлесіп дамытуды қалайды

Финляндия Транскаспий дәлізін Қазақстанмен бірлесіп дамытуды қалайды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннаримен кездесіп, екі елдің арасындағы әріптестік байланысты арттырудың жолдарын талқылады, деп хабарлады Rail-news.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Қазақстан мен Финляндияның дипломаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Eastcham Finland, Epse, Lamor, Metso Outotec, Nokia Enterprise, PayIQ, Infra & Energy Teknos және Wärtsilä Finland компанияларының басшылары қатысты.

«Тараптар көлік және логистика салаларындағы өзара әріптестікті, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамытуды, сондай-ақ тау-кен және металлургия өнеркәсібінде цифрлы шешімдер мен технологияларды енгізу жолдарын қарастырды», – делінген хабарламада.

Кездесудің соңында Д.Щеглова В.Скиннари мен финляндиялық бизнес қауымдастықтың өкілдерін елімізде өтетін өнеркәсіп салаларын карбонсыздандыруға арналған Astana Mining & Metallurgy XIII халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысуға шақырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: