Главная Новости Fitch Ratings Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады
20 қаңтар 2025, 15:31 84

Fitch Ratings Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады

Fitch Ratings Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіп кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейінде растағанын хабарлайды.

Fitch Қазатомөнеркәсіпті түпкілікті ірі акционері – Қазақстан Республикасымен («ВВВ»/ «Тұрақты») шектеулі құқықтық, операциялық және стратегиялық байланыстары бойынша дербес компания ретінде бағалайды.

Рейтингті растау консервативті қаржы саясатының және әлемдік деңгейдегі ұқсас компаниялармен салыстырғанда өндірістің өзіндік құнының төмен болуының арқасында Қазатомөнеркәсіптің мықты қаржылық ұстанымын байқатады. Сонымен қатар, Fitch Қазатомөнеркәсіптің уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ретіндегі орнықты жағдайын, оның жеткізу келісімшарттарының күшті портфелін және уран өнімінің негізгі тұтынушыларымен тұрақты ұзақ мерзімді қатынастарын атап көрсеткен.

Қазатомөнеркәсіптің рейтингі туралы 2025 жылғы 15 қаңтарда Fitch жариялаған баспасөз релизімен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.fitchratings.com/research/corporate-finance/fitch-affirms-jsc-national-atomic-company-kazatomprom-at-bbb-outlook-stable-15-01-2025.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: