Главная Новости FlyArystan 5 жылдығын атап өтті
06 мамыр 2024, 14:42 749

FlyArystan 5 жылдығын атап өтті

FlyArystan 5 жылдығын атап өтті

Алғашқы қазақстандық лоукостер FlyArystan өзінің бес жылдығын атап өтуде. 2019 жылы негізі қаланған FlyArystan әуекомпаниясы 5 жылдан бері төмен тарифтермен саяхаттауға мүмкіндік беретін классикалық лоукостер моделімен жұмыс істеп, еліміздің аймақтары мен алыс-жақын шетелдерді бір-бірімен байланыстырып келеді.

FlyArystan өзінің алғашқы рейстерін 2019 жылдың мамыр айында Алматыдан Астанаға, Қарағандыға және Оралға сәтті орындады. Содан бері әуекомпания Қазақстанның ішкі бағытындағы маршруттық желісін 14-ке дейін арттырып, ал халықаралық бағытта Грузия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Үндістан, Қытай, БАӘ және Қатардың ірі мегаполистеріне рейстер орындап келеді. 

FlyArystan әуе флоты 2019 жылдан бастап кеңейіп келеді. Лоукостер әуе паркі 5 жыл ішінде 4-тен 20 Airbus A320 ұшағына дейін көбейді. Оның 9-ы – конфигурациясы 188 орындық құрайтын жаңа NEO ұшақтары. Әуекомпанияның дәстүрі бойынша Airbus зауытынан тікелей жеткізілген борттарға атауды әуекомпанияның жолаушылары өздері таңдап, шоқжұлдыздардың атын қойды.

FlyArystan – Қазақстандағы таңғажайып нәтижелерге қол жеткізген жалғыз бюджеттік әуекомпания. FlyArystan ішкі бағыттарға сатылған барлық билеттердің 50%-дан астамына 17 000 теңгеге жетпейтін баға ұсынды. Әуекомпания 5 жыл ішінде 12 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, оның 10%-дан астамы бұрын ешқашан ұшақпен ұшпаған. Бұл әрбір оныншы жолаушы өзінің алғашқы рейсін FlyArystan әуекомпаниясымен жүзеге асырғанын білдіреді.

FlyArystan соңғы 5 жылда дәстүрлі тәсілдерден бас тартып, инновациялық шешімдерді енгізе отырып, туристік тәжірибені жетілдіруге белсенді түрде инвестиция салуда. 2022 жылы FlyArystan жолаушыларға өз бетінше тіркелуге және жолжүгін тіркеуге мүмкіндік беретін «iJan» қызмет көрсету терминалдарын ұсынды. Қазір терминалдар FlyArystan орындайтын Қазақстанның 13 қаласында қолжетімді. «iJan» іске қосылғаннан бері терминалды 300 мыңнан астам жолаушы пайдаланып, әуежайдағы кезекте тұратын уақытын едәуір қысқартты.

2022 жылы Skytrax британдық консалтингтік агенттігінің FlyArystan қызметін жоғары деңгейін растаған маңызды оқиғалардың бірі болды. Skytrax әуекомпанияға 4 жұлдызды тағайындай отырып, оны дәл осындай рейтингісі бар әлемдегі 12 лоукост тасымалдаушының біріне айналдырды. Содан кейін, 2023 жылы әуекомпания «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік лоукостер» ретінде Skytrax сыйлығымен марапатталды.

2024 жылы әуекомпания Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАА) тарапынан ұйымдастырылған ауқымды аудит пен талдаудың нәтижесіне орай пайдаланушының дербес сертификатын (AOC) алды. Бұл арқылы FlyArystan әуекомпаниясы қазақстандық авиациялық заңнамаға да, халықаралық пайдалану стандарттарына да сәйкес екенін растайды.

FlyArystan корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жобаларына да қатысады және мұқтаж адамдарға белсенді қолдау көрсетеді. Әуекомпанияның ауқымды жобаларының бірі – халықтың белгілі бір санаттарына жеңілдікпен әуебилеттерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Көмек» жобасы. Сондай-ақ, әуекомпания басқа да әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады, олардың бірі – 2023 жылдың жазында Абай облысында болған жойқын өрттен кейін орманды қалпына келтіруге бағытталған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватымен бірлескен жоба болды. Сонымен қатар, әуекомпания қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне тегін билеттер ұсынды. FlyArystan өз күш-жігерін қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға жұмылдыруды жалғастыра отырып, «Асаруме», «Человек в маске», «Себепкер бол» секілді қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтасып, оларға тегін билеттер мен іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. FlyArystan сонымен қатар «Сарыарқа» хоккей клубының ресми тасымалдаушысы мәртебесіне ие.

Осы айтулы күні FlyArystan әуекомпаниясының қарқынды дамуын ғана емес, сонымен қатар барлық жолаушылардың арзан тарифтер мен борттағы жылы қабылдаулардан алған бақытты сәттерін де атап өтеді. FlyArystan бірінші күннен бастап өз қызметімен жолаушыларды бақытты етуге, саяхатты қолжетімді әрі жайлы етуге ұмтылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: