Главная Новости FlyArystan Ақтаудан Ыстанбұлға рейстер санын екі есеге арттырады
01 шілде 2024, 11:46 168

FlyArystan Ақтаудан Ыстанбұлға рейстер санын екі есеге арттырады

FlyArystan Ақтаудан Ыстанбұлға рейстер санын екі есеге арттырады

FlyArystan қазақстандық лоукостері Ақтау – Ыстанбұл – Ақтау бағыты бойынша әуерейстер санын көбейтуде. 

Қосымша рейстер 2024 жылдың 2 шілдесінен бастап сейсенбі күндері және 2024 жылдың 24 шілдесінен бастап сәрсенбі күндері орындалатын болады.

Бейсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалатын негізгі рейстерден басқа, әуетасымалдаушы Ақтау мен Ыстанбұл арасындағы рейстер жиілігін аптасына 4 ретке дейін арттырды. 2 шілдеден бастап Ыстанбұлға рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал 24 шілдеден сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады.

Әуекомпания билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында немесе www.flyarystan.com сайтында алдын ала сатып алуды ұсынады. Сонымен қатар лоукостер 2024 жылдың 25 маусымы мен 24 қазаны аралығында халықаралық рейстерде салмағы 20 кг-нан 60 кг-ға дейінгі ұлғайтылған жолжүкке жеңілдік ұсынады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: