Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
FlyArystan қазақстандық лоукостері Алматы − Өскемен − Алматы жаңа бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Бұдан былай оңтүстік астана мен Шығыс Қазақстан облысының бас қаласы арасындағы тұрақты рейстер аптасына екі рет-сейсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылатын болады. Ұзақтығы 1 сағат 40 минуттық рейстер жайлы Airbus A320 ұшақтарында орындалады.
FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинованың пікірінше, Өскемен − Қазақстанның түсті металлургия орталығы ғана емес, сонымен қатар Алтай өңірінің ең әдемі өлкесі.
«Саяхатшылар жоғары қызығушылықты байқай отырып, біз Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытуға өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз. Еліміздің екі ірі қаласы арасында қолжетімді бағамен тікелей әуе қатынасын жүзеге асыра отырып, біз мұнда тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристерді де көбірек тарта аламыз деп шын жүректен үміттенеміз. Біз ыстық сұраныс маусымында, Өскеменде жолаушылар өз сапарларын алдын ала жоспарлай отырып, қолжетімді рейстерді пайдаланады деп үміттенеміз. Себебі қазір билеттер ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін орындалатын рейстерге қолжетімді. Билеттерді тікелей мобильді қосымшада немесе тасымалдаушының flyarystan.com сайтында сатып алу ұсынылады», − деп бөлісті әуекомпания директоры.
Естеріңізге сала кетейік, 4 жыл ішінде әуекомпания 10 миллионға жуық адамды тасымалдады, олардың 1 миллионнан астамы өмірінде бірінші рет арзан бағамен ұшқан. FlyArystan бағдарлар желісінде ел ішінде де, шетелге 35-ке жуық бағыты бар − олардың ішінде Түркияға (Ыстамбұл, Анкара), Грузияға (Кутаиси), Әзірбайжанға (Баку), Үндістанға (Дели), Өзбекстанға (Самарқан, Ташкент), Қырғызстанға (Бішкек), сондай-ақ Арменияға (Ереван) рейстер бар.
Тасымалдаушы флотында 180 және 188 орынды Airbus A320 14 ұшақ бар, оның 4-і тікелей өндіруші зауыттан. Жыл соңына дейін тағы 5 ұшақ келеді деп күтілуде, оның ішінде Airbus зауытынан жаңа лайнерлер де да бар.