Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
FlyArystan Алматыдан Үндістанның ең үлкен және әлемдегі халық ең көп қоныстанған қалаларының бірі – Мумбайға тұрақты әуе рейстерінің ашылатынын жариялады. Алматы мен Мумбайды жалғайтын жаңа бағыт Үндістанға саяхаттау үшін ең қолайлы мезгіл – қараша айында, аптасына екі рет ұшу жиілігімен іске қосылады деп жоспарланып отыр. 30000 теңгеден басталатын билеттерді FlyArystan қосымшасынан немесе әуекомпанияның ресми flyarystan.com веб-сайтынан сатып алуға болады.
FlyArystan бүкіл Қазақстан бойынша маршруттық желісін дамытуда, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде қанаттарын жаюды жалғастыруда. Бұған дейін әуекомпания Алматыдан Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайына аптасына 3 рет ұшатын бағыттың ашылғанын жария еткен. Енді отандастарымыздың таңдауына қолжетімді бағада Алматы-Мумбай жаңа қолайлы бағыты ұсынылды. Сондай-ақ, flyarystan.com сайтының басты бетінде жолаушылар “Бүкіл әлем” жаңа қызметін пайдалана отырып, тиімді тарифтермен Үндістаннан Малайзия, Корея, Австралия, Филиппин және Сингапурға сапарларын жалғастыра алады.
"Отандық авиация тарихында Үндістанның Мүмбай қаласына тасымалдауды ұсынып отырған алғашқы жергілікті әуекомпания болғалы тұрғанымызға қуаныштымыз. Мумбай отандастарымыздың көңілінен шығады деп ойлаймын, өйткені мұнда кез-келген адам саяхаттап, шопинг жасап, рухани демалып немесе Болливуд турларына бара алады. Еліміздің азаматтары Үндістанға тез әрі оңай түрде электронды виза рәсімдей алатынына, оның үстіне біз ұсынып отырған қолжетімді бағаларды ескерсек, бұл бағыт біздің жолаушыларымыздың ортасында үздік бағыттардың бірі боларына күмәніміз жоқ", – деп бөлісті FlyАrystan маркетинг және сату бөлімінің директоры Мадина Бужинова.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»