Главная Новости FlyArystan жаңа Airbus A320 NEO ұшағын өндіруші зауытынан алды
29 наурыз 2023, 08:14 1580

FlyArystan жаңа Airbus A320 NEO ұшағын өндіруші зауытынан алды

FlyArystan жаңа Airbus A320 NEO ұшағын өндіруші зауытынан алды

«Apus» атты су жаңа Airbus A320neo қазақстандық бюджеттік әуекомпаниясы үшін Airbus француз зауытында шығарылып, тікелей өндіруші зауыттан әкелінген, «Лео», «Акила» және «Орионнан» борттарынан кейін келген төртінші әуе лайнері.

Әуе компаниясы жолаушылары мен оқырмандары жаңа әуекемеге атау таңдау ұтыс ойынына қатысып, әлеуметтік медиада өз нұсқаларын ұсынды. «Апус» атауы көбінде ескерілген болатын. Үздік нұсқа авторы @uzakovadd оқырманы болды.

Апус, оңтүстік шоқжұлдыз «төбе оңтүстікте» орналасқан, латын тілінен аударғанда «жұмақ құсы» дегенді білдіреді. Бұл атауды ұсынған оқырманның айтуынша, «Апус» жайлылық пен жылдамдықты білдіреді.

Еске сала кетсек, желтоқсан айында әуе компания паркі екі жаңа ұшақпен толықты. Олар да CO2 шығарындыларын және қоршаған ортадағы дыбыс ізін азайтатын қозғалтқыштармен жабдықталған Airbus A320 NEO лайнерлері. Сонымен қатар, бюджеттік әуекомпанияның жаңа әуелайнерлері орындар арасындағы бірдей қашықтықты сақтай отырып, тасымалдаушы паркіндегі бұрынғы ұшақтарға қарағанда 8 орынға көбірек жабдықталған, яғни FlyArystan енді одан да көп қолжетімді билеттерді ұсына алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: