Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Air Astana" компаниялар тобы 2019 жылдың алдын ала қорытындысын шығарды. Үстіміздегі жылы "Air Astana" әуе компаниясы мен "FlyArystan" бюджеттік әуе тасымалдаушысы 5 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 17%-ға артық.
"Ағымдағы жыл біз үшін бетбұрысты болды, өйткені біз 2019 жылы 1 мамырда жаңа "FlyArystan" бюджеттік әуе компаниясын іске қостық. Осы уақыт ішінде лоукостер тамаша нәтиже мен даму үрдісін көрсете алды. Қазақстандықтарға ішкі рейстерде таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы күшейе түсетінімізге сенеміз. "Air Astana" толық сервисті әуе компаниясының қызметін пайдалануға немесе "FlyArystan-ның" қолжетімді пакетін таңдауға болады. 2019 жылдың соңына қарай "Air Astana" компаниялар тобы билеттерінің құны 13%-ға төмендеді. Енді әрбір қазақстандықтың ұшақпен саяхаттай алуы біз үшін үлкен қуаныш", - дейді "Air Astana" президенті Питер Фостер.
Cонымен қоса, "Air Astana" әуе компаниясы 2019 жылы флотты 4 "Airbus A320/321neo" ұшағымен және 4 "Embraer 190-Е2" әуе лайнерімен толықтырды. Осылайша, парктің орташа жасы 6,5 жасты құрады. Дели, Дубай, Ыстамбұл, Душанбе, Бішкек, Сеул, Мәскеу, Ташкент және Тбилиси бағыттары бойынша жиіліктер ұлғайтылды, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Шарм-Эль-Шейхке және Алматыдан Бодрумға чартерлік рейстер іске қосылды.
Инженерлік-техникалық бөлімше 2019 жылдың қараша айында Алматы әуежайындағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында "Airbus A320neo" ұшағының "C-check" күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жобаға "S7 Technics" компаниясы қолдау көрсетті.
"Ab-initi"o қазақстандық ұшқыштарды даярлау бағдарламасы 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Сол кезден бастап 280 жуық кадет оқытылды. Осы жылы Еуропаның жетекші ұшқыш мектептерінде 23 кадет оқу үстінде, таяудағы 5 жыл ішінде жыл сайын 40 кадетті оқыту жоспарлануда.
2019 жылы әуе компаниясының сервисі бірнеше жоғары марапатқа ие болды. Air Astana "Орта Азия мен Үндістандағы үздік әуе компаниясы" аталамында "Skytrax" сыйлығының сегіз дүркін лауреаты, "Аймақтық Азиялық тасымалдаушы" аталамында "TripAdvisor" сайтының "Travellers' Choice Awards 2018/2019" сыйлығының екі дүркін иегері атанды. "APEX" американдық қауымдастығы 2018 және 2019 жылдары "Air Astana" әуе компаниясын "Ірі аймақтық әуекомпаниялар" аталымы бойынша 5 жұлдызға лайық деп таныды.
"FlyArystan" лоукостері 2019 жылы 700 мың жолаушыны тасымалмен қамтымақ. Әуе компаниясы өз желісін 13 бағытқа дейін кеңейтіп, Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге 13 желтоқсанда алғаш халықаралық рейсін орындайды.
2020 жылы "FlyArystan" флоты 10 ұшаққа дейін артып, бағдарлық желісі 40 бағытқа дейін кеңейтіледі деп жоспарлануда.
"Air Astana" 2020 жылы 3 маусымда Алматыдан Парижге тікелей рейспен қатар басқа да белгілі туристік бағыттарды ашуды қарастырып жатыр. Келесі жылы әуе компанияның флоты 42 ұшаққа дейін артпақ.