Главная Новости FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті
04 қыркүйек 2024, 15:45 692

FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті

FlyArystan жолаушыларының саны 15 миллионға жетті

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Алматы – Кутаиси бағытында орындалған КС7077 рейсінің бортында мерейтойлық жолаушысын құттықтады. 2019 жылдың мамырында операциялық қызметін бастағаннан бері әуекомпания 15 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл ретте тасымалдаушының 11 миллионға жуық жолаушылары әуекомпания қызметтерін ішкі рейстерде пайдаланды.

Қазақстандықтардың әуе мобильділігін арттыру үшін құрылған әлеуметтік жоба Қазақстандағы жолаушылар ағынының өсуіне айтарлықтай әсер етті. Тек 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында FlyArystan 1,8 миллионнан астам жолаушыларды тасымалдады. Барлық жолаушылардың 10%-дан астамы бұрын ұшақпен ұшпаған және алғашқы рейсін FlyArystan-мен орындаған. Орталық Азиядағы «лоукостер» моделінде қызмет атқаратын алғашқы әуекомпания ретінде ол бюджеттік әуекомпаниялар мен саяхаттардың жаңа мәдениеті қағидаттарын енгізу және танымал ету бойынша қазақстандық авиацияның қозғалтқышы болды.

Ричард Леджер, FlyArystan президенті:

Біз 15 миллионыншы жолаушыны қарсы алуға қуаныштымыз және бұл факт көптеген адамдар үшін саяхатты қолжетімді етуге және Қазақстан мен таяу шет елдер арасындағы байланысты жақсартуға деген ұмтылысымызды сипаттайды.  Жоғары сұранысқа ие жазғы маусымда FlyArystan 7000-нан астам рейс орындады. Рейстердің басым бөлігі ішкі бағыттар бойынша болды. 2024 жылдың екінші тоқсанында тасымалданған жолаушылар саны миллионға жуық адамды құрады. Алда жаңа міндеттер, жетістіктер және маршруттар күтуде. Бұл ретте, біз ұшу қауіпсіздігін сақтау және инновацияларды енгізу жөніндегі негізгі қағидаттарымызды ұстануды жалғастырамыз».

FlyArystan-ның туристік тәжірибені жақсартуға және дәстүрлі тәсілдерден бас тартуға салған инвестициясы жолаушылар ағынының өсуіне айтарлықтай әсер етті. 2022 жылы әуекомпания жолаушыларға рейске өзі тіркелуге және жолжүкті тексеруге мүмкіндік беретін iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізді. Қазір терминалдар Қазақстанның лоукостер ұшатын 14 қаласында қолжетімді. 2024 жылдың басынан бастап терминалдарды 100 мыңға жуық жолаушы пайдаланды, бұл әуежайда болу уақытын едәуір қысқартты. Сондай-ақ рейстерге онлайн тіркелудің танымалдығы артып келеді: қазірдің өзінде 2,4 миллион жолаушы мобильді қосымша немесе сайт арқылы тегін онлайн тіркеуден өткен. FlyArystan платформалары Қазақстанның ірі интернет-сауда алаңдарының қатарына кіреді. Ағымдағы жылы әуетасымалдаушы инновациялық шешімдерді енгізуді жалғастырып, Алматы Халықаралық әуежайында Орталық Азиядағы жаңа әрі алғашқы технология – Baggage Drop Off (BagJan) технологиясын таныстырды.

Әуекомпанияның 15 миллионыншы жолаушысы 59 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Марат Тәтібаев болды, ол жұбайы Тыныштықпен Боржомиге демалуға ұшқан. Мерейлі жұп әуекомпаниядан сыйлықтар мен қазақстандық лоукостердің кез-келген бағыты бойынша тегін ұшу сертификатына ие болды. Атап өтер болсақ, әуекомпания алғашқы миллионыншы жолаушысын операциялық қызметін бастағаннан бір жыл өткен соң, 2020 жылы тасымалдады. 2021 жылдың желтоқсанында жолаушылар ағыны 5 миллионды, ал 2023 жылдың мамырында 10 миллион адамды құрады. Осылайша, әуе тасымалына сұраныстың экспоненциалды өсуі байқалады. Бұл ретте, экспансия әуекомпанияның әсерінен жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн – FlyArystan рейстері мемлекет тарапынан субсидияланбайды және рейстерді орындауға арналған барлық шығындарды әуетасымалдаушы толығымен өзі қамтамасыз етеді.

FlyArystan Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларындағы базаларындағы Airbus A320 ұшақтарынан құралған заманауи әуе паркінің көмегімен кең маршруттық желі бойынша рейстер орындайды. Бүгінгі таңда тасымалдаушының маршруттық желісі Қазақстан бойынша 14 ішкі рейстерді және Түркия, Грузия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қытай елдеріне халықаралық бағыттарды қамтиды.

Ағымдағы жыл әуекомпания үшін өзге де бірқатар маңызды оқиғаларымен ерекшеленді. 2024 жылдың басында FlyArystan «Эйр Астана» АҚ-ның 100% еншілес ұйымына айналғаны жарияланды. Биыл лоукостер қазақстандық авиациялық заңнамаға және халықаралық пайдалану стандарттарына сәйкестігін растайтын Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен өзінің пайдаланушы сертификатын (AOC) алды. Екінші жыл қатарынан FlyArystan «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік лоукостері» ретінде Skytrax марапатын жеңіп алды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: