Главная Новости FlyArystan халықаралық рейстеріне әуежайда тіркелу бүгіннен бастап ақылы
03 тамыз 2023, 09:15 1513

FlyArystan халықаралық рейстеріне әуежайда тіркелу бүгіннен бастап ақылы

FlyArystan халықаралық рейстеріне әуежайда тіркелу бүгіннен бастап ақылы

2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу қолжетімді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бонустық кезең ішінде бір ай бойы халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу тегін қызмет болады. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болатынын есіңізге саламыз.

  • Әуежайда тіркеуден өтетін жолаушылар «әуежайда тіркелу» қызметін 50% жеңілдікпен – 5 000 теңгеге (10 еуро) алдын ала сатып ала алады. Бұл қызмет брондау кезінде автоматты түрде қосылады, сондықтан бұл қызметті сатып алғыңыз келмесе, «қызметтен бас тарту» батырмасын таңдауға болады.
  • Әуежайда ұшып кету алдында тіркелу – 10 000 тенге (20 еуро).
  • Онлайн тіркелу – тегін, тек FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com арқылы қолжетімді.
  • Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келу керек.
  • iJan терминалдары қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ішкі рейстерде ғана қолжетімді.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: