Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
FlyArystan қазақстандық лоукостері Қазақстан өңірлеріндегі медициналық көмектің сапасын және дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған бастама аясында Heart Center Foundation қоғамдық қорына серіктестік етті.
Әуекомпания өз тәжірибелерін бөлісу үшін UMC Жүрек орталығының жетекші мамандарының Астанадан өзге қазақстандық қалаларға тегін ұшуын қамтамасыз етті.
Ричард Леджер, FlyArystan президенті:
«Біз үшін осындай мағыналы жобаның бір бөлігі болу маңызды. Біз заманауи медициналық технологиялар мен жоғары білікті көмекке қол жеткізу Қазақстанның кез келген өңірінде қолжетімді болатынына шынайы сенеміз. Елдің ішкі бағыттар бойынша жетекші әуетасымалдаушысы ретінде FlyArystan республика аймағы бойынша қазақстандықтардың әл-ауқатына ықпал ететін бастамаларды қолдауды жалғастырады».
Әуекомпания мен Heart Center Foundation бірлескен жобасы 2024 жылдың күзінен бастау алды. Кардиохирург Ермағамбет Қуатбаев, аритмолог Серік Бағымбаев және анестезиолог-реаниматолог Дінмұхамед Сейданов іссапармен Орал қаласына жол тартты. Үш күн ішінде қызметкерлер тобы ота жасап, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе бөлісті. Аймақта алғаш рет енгізілген криоабляция әдісін қолдана отырып, жүрек соғу жиілігін қалпына келтіру бойынша өткізілген алты операция ерекше назарға ие болды.
Өз миссиясын жалғастыра отырып, FlyArystan қолдауымен UMC Жүрек орталығының мамандары Қостанай қаласына сапарлады. Аритмолог Өмірбек Нұралинов пен кардиолог Алексей Гончаров жүрек ритмінде асқынулары мен ауытқулары бар науқастарға сегіз интервенциялық ота жүргізді. Сонымен қатар, облыстық кардиологиялық орталықтың пациенттеріне кеңес беру қабылдаулары және дәрігерлер үшін мастер-кластар ұйымдастырылды.
Соңғы кезеңдегі іссапар Қызылорда облысына орындалды, онда дәрігерлер «Жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалаудағы, емдеудегі инновациялық әдістер» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция барысында м.ғ.к., UMC кардиохирургия КАДД директоры — Тимур Лесбеков, UMC интервенциялық аритмология бөлімшесінің меңгерушісі — Өмірбек Нұралинов және UMC кардиолог-дәрігері — Әсем Бауыржанқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Білімі мен біліктілікті дамыту шаралары дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Мұрат Зауыров, Heart Center Foundation директоры:
«Біз өңірлерді заманауи білім және технологиямен қамтамасыз етудің маңыздылығын көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандық үшін еліміздің кез келген бұрышында озық медициналық көмек алуға мүмкіндік беру. FlyArystan әуекомпаниясының қолдауы осы жобаны іске асыруда шешуші рөл атқарады. Әрбір сапар аймақтағы дәрігерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің медициналық орталықтары арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті».
Бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы қордың трансплантология мәселелеріне назар аударуға, орган донорлығының маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға және өмірлік маңызды операцияларға кезек күткен жандарға моральдық қолдау көрсетуге бағытталған "Jüregımnıñ Jeñımpazy" қайырымдылық жарысын қолдады. Аталған байқауда ұсынылған Кутаисиге тегін сапарды марафонға қатысушы – бір жыл бұрын бүйрек трансплантациясынан өткен Ақжарқын Жағыпарова жеңіп алды. FlyArystan және Heart Center Foundation бірлескен жобасы елдегі өмір сүру сапасын арттырудың ортақ мақсатына жету үшін бизнес пен медицинаның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын көрсетеді.