Главная Новости FlyArystan көктем-жаз маусымына билет сатылымын ашты
04 ақпан 2022, 14:43 968

FlyArystan көктем-жаз маусымына билет сатылымын ашты

FlyArystan көктем-жаз маусымына билет сатылымын ашты

Әуе компаниясы 2022 жылғы көктем-жаз маусымы саяхаттарына билеттер ұсынады.

Саяхатшыларға көктем-жаз маусымына 50-ге жуық бағыт, соның ішінде Екатеринбург пен Омбы бағыты ұсынылады. Ұшақтар санын арттыру көктемде келетін он бірінші Airbus А320 ұшағының арқасында мүмкін болмақ. Ал күзде FlyArystan-ның әуе паркіне тағы 3 ұшақ тікелей өндіруші зауытынан келеді.

«Төртінші көктем-жаз маусымы қатарынан біз қазақстандықтарға төмен бағалы саяхатты ұсынып келе жатырмыз. Билеттердің бағасы динамикалық жүйеде өзгереді, соны отандастарымыздың ескеріп, саяхаттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Өйткені, төмен бағалы билеттер ең бірінші кезеңде сатып алынады. Ал маусымның ортасында, соңында бос орындар саны азайып, қалған орындарға баға көтерілетінін еске саламыз. Осы принцип бойынша тұрақты рейстер орындайтын барлық әуе тасымалдаушылар жұмыс жасайтынына назар аударамыз», – деді FlyArystan-ның маркетинг және сату жөніндегі директоры Мадина Бужинова.

Сатылым жылына екі рет: қыста көктем-жаз маусымына, ал жазда күз-қыс мезгіліне ашылады. Осы себептен FlyArystan билеттерді және қосымша қызметтерді әрдайым әуе компаниясының арналарында (мобилдік қосымшасында және flyarystan.com сайтында) ертерек сатып алуға кеңес береді. Ал FlyArystan мобильдік қосымшасының қолданушылары, e-mail хабарламалар және әлеуметтік желі арқылы жаңа бағыттар туралы жаңалық пен сатылымдар туралы ең бірінші болып біле алады.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: