Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
FlyArystan қазақстандық лоукостері күзгі-қысқы маусымға әуебилеттер сатылымының ашылғаны туралы хабарлайды. Жолаушылар рейстердің көптеген бағыттарында билеттерді ең қолайлы бағамен FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы немесе www.flyarystan.com сайтынан қазіргі сәттен-ақ сатып ала алады.
Авиация әлемінде күзгі-қысқы маусым қазан айының соңғы апталықтарында басталады. Сонымен қатар, күзгі-қысқы маусым, көбінесе, қысқы мезгілде танымал бағыттарға рейстердің көбеюімен ерекшеленеді. Осылайша, әуетасымалдаушының халықаралық маршруттық желісінде Ақтаудан Ыстамбұл мен Бакуға рейстері қолжетімді. Сондай-ақ, Алматы, Астана, Ақтау және Атырау қалаларынан Қутаисиге, Астанадан Ташкентке бағытталған рейстерге сатылым ашу жоспарлануда.
Осы кезекте, FlyArystan осындай күрделі уақытта қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударып, экипаждар мен әуе кемелерін қысқы жағдайларға мұқият дайындауда.
FlyArystan Қазақстанның ішкі бағыттары бойынша күзгі-қысқы маусымға рейстерінің үштен біріне, яғни: Алматыдан – Астана, Қызылорда, Қостанай, Семей, Түркістан, Орал қалаларына, Астанадан – Орал мен Ақтауға, Шымкенттен – Ақтауға және Ақтаудан – Ақтөбеге билеттер сатылымын ашты. Рейстерге билеттер 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолжетімді. Әуетасымалдаушы жолаушыларға билеттерді алдын-ала тиімді тарифтермен сатып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, сайттағы және мобильді қосымшадағы жаңартуларды байқап отыру ұсынылады. Басқа рейстерге сатылым жақын арада ашылатынын хабарлаймыз.
FlyArystan баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»