Главная Новости FlyArystan орындалмаған рейстер туралы түсіндірме берді
12 қаңтар 2022, 08:00 1020

FlyArystan орындалмаған рейстер туралы түсіндірме берді

FlyArystan орындалмаған рейстер туралы түсіндірме берді

Қазақстанда орын алған жағдай салдарынан, FlyArystan әуекомпаниясы ТЖ алғашқы күндерінде кейбір рейстерді орындай алмағанын хабарлайды. Бірқатар халықаралық рейстер қаңтардың 8-нен бастап орындала бастады. Барлық жолаушыларға хабарландырулар жіберілуде, алайда нашар байланыс салдарынан (СМС-хабарламалар жетпейді, Қазақстаннан шетелге қоңырау шалу мүмкінсіздігі) кейбір жолаушыларға хабар жетпеді. Өз тарапымыздан біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз және де шет елдегі отандастарымыздың елге оралуына бар үлесімізді қосып жатырмыз. Алдыңғы қатарда – ТЖ бірінші күндері ұшпай қалған жолаушылар. Атап кетсек, Кутаисидегі (Грузия), Дубай мен Шарджадағы (БАӘ) және Ыстамбұлдағы (Түркия) компания жолаушылары. 

ТЖ кезінде (5-11 қаңтар аралығында) 11 халықаралық рейс: Грузиядан 2, БАӘ 6, Түркиядан 1 рейс орындалмағанын хабарлаймыз. Байланыстың жоқтығынан 5-11 қаңтар аралығында байланыс орталығы, оған қоса брондау жүйесі толықтай/жартылай жұмыс жасаған жоқ. 11 қаңтардан бастап байланыс орталығы жұмысы қалпына келтіріліп, сайт пен брондау жүйесі жарым-жартылай іске қосылды. Бұл арқылы жолаушыларды жақын рейстерге отырғызу мүмкіндігі пайда болды.

Осылайша, 12 және 15 қаңтарда Кутаиси-Нұр-Сұлтан рейстері, 13 қаңтарда Кутаиси-Атырау, 14 қаңтарда Кутаиси-Ақтау рейстері орындалады. Бұл рейстер арқылы ТЖ бірінші күндері ұша алмай қалған жолаушылар Қазақстанда қайта оралып келе алады. БАӘ-нен отандастарды Дубай-Ақтау рейстері арқылы 15 және 17 қаңтарда, ал 15 және 17 қаңтарда Дубай-Шымкент қайтарып әкелу көзделіп отыр. Аталмыш рейстермен Дубай және Шарджадан (Алматыға ұшып шыға алмаған) азаматтар жете алады. Алдымен ТЖ кезінде ұшпай қалған жолаушыларды алып кетеді. 

Бұған қоса, орындалмаған рейстер немесе ТЖ кезінде ұшудан (ішкі/халықаралық бағыттарда) бас тартқан жолаушылар билет құнын толықтай қайтарып немесе билетті айыппұлсыз қайта брондай алады. Барлық жолаушылар билет сатып алған жерге хабарласуға тиісті. Flyarystan.com сайтында немесе әуекомпанияның мобильдік қосымшасында билетті сатып алған жолаушылар қайтарымды өздері рәсімдей алады. Жүйе дұрыс жасамаған жағдайда немесе қайтарым құны толық болмаған жағдайда refund@flyarystan.com электронды поштасына хабарласуды сұраймыз. Барлық сұраулар міндетті түрде кезекпен қарастырылады. Алайда қазіргі жағдайға байланысты ұзағырақ қарастырылуы әбден мүмкін. 

Лоукостердің күнделікті рейстер кестесі әуекомпания сайтында, Инстаграм, Фейсбук және Телеграм әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларды және БАҚ жарияланады.

Ішкі рейстер жолаушылардан ұшуға кемінде 2 сағат қалғанда, ал халықаралық рейстер жолаушылардан ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда әуежайдағы тіркеу бағанасына уақытылы келуді сұраймыз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: