Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
FlyArystan лоукостері Өзбекстан бағытындағы маршруттық-бағыттар желісі кеңейтіп, Алматы-Наманган-Алматы бағытындағы рейстерге билеттерді сатуды бастады. Рейстер 2024 жылдың маусым айынан бастап, аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Құны 18 000 теңгеден басталатын билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтынан сатып алуға болады.
Алматыдан Нүкіске ашылған бағытқа билеттерді сата бастаған FlyArystan іле-шала Өзбекстанның Ферғана аңғарының шығысындағы гүл шаһар Наманганға да билеттерді сатуды бастады. Қала туристердің көз жауын алатын ерекшеліктерімен танымал: мұнда көне құрылыстар мен ескерткіштер, саябақтар мен жүзімдіктер бар. Наманган ежелден бері қолөнершілер қаласы болып саналған. Сондықтан қалада серуендеген саяхатшы керамика мен ыдыс-аяқтар жасайтын көптеген шеберханаларды, түрлі зергерлік бұйымдарды, ерекше кәдесыйларды таба алады.
«Біз Өзбекстанның ең ірі қалаларының бірі Наманганға барып-келуге қолжетімді рейсті ашқанымызға қуаныштымыз. Бұл арқылы тарихы тереңнен тыныстайтын, тілі мен ділі жақын бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халқының байланысы одан әрі берік болатынына сенімдіміз. Екі елдің де мәдени дәстүрі ұқсас, сондықтан бұл өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етері сөзсіз. Айта кетейік, Ферғана өңірі қазақстандықтарды өзінің бай аграрлық секторы мен индустриялық мүмкіндіктерімен қызықтырады. Яғни екі елдің тұрғындарына да сауда және экономикалық байланыстарды дамытуға зор мүмкіндік ашылады», – деді FlyArystan маршруттық желісін жоспарлау және кірістерді басқару жөніндегі директоры Ренат Абулханов.
Қазіргі уақытта әуетасымалдаушы Өзбекстанның екі қаласына рейстерді орындайды: Астанадан Ташкентке және Алматыдан Самарқанға. Осы жазда Алматыдан Нүкіс пен Наманганға рейстерді іске қосу жоспарлануда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
279
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи