Главная Новости FlyArystan ұшағында қандай медициналық көмек көрсетіледі?
22 қазан 2024, 09:19 363

FlyArystan ұшағында қандай медициналық көмек көрсетіледі?

FlyArystan ұшағында қандай медициналық көмек көрсетіледі?

FlyArystan жолаушыларға емдеуші дәрігердің ұсынымдарын орындаудың және денсаулық жағдайын, әсіресе ұшу алдында мұқият бақылаудан өтудің маңыздылығын еске салады. Соңғы үш айда операциядан өткен жандарға ерекше күтім жасау қажет.

Әуекомпания өкілдері әр түрлі жағдайларда жолаушыларға көмек көрсетуге әрқашан дайын, дегенмен ұшуға физикалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болмауына қарамастан, ұшуды жүзеге асыруына жолаушылар дербес түрде жауапкершілік алатынын есте ұстауы қажет. Жоғары аталған ережелерді сақтау ұшақ бортындағы қауіпті жағдайларды болдырмауға көмектеседі және барлық жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

FlyArystan әуекомпаниясы денсаулыққа қатысты мәселелер туындаған жағдайда жолаушыларға ұшу алдында білуі қажет негізгі ақпаратты еске салады:

– Жолаушы немесе оған әуебилетті сатып алушы тұлға жолаушының қозғалыс мүмкіндігі шектеулігі, көру, есту қабілеті төмендігі (зағип), инфекциялық/вирустық ауруы болуы туралы ұшудан кемінде 5 күнтізбелік күн бұрын әуетасымалдаушыны хабардар етуі тиіс.

– Әуекомпания экипажы өз қызметтерін бастағанға дейін және әрі қарай әр жыл сайын медициналық көмек көрсету бойынша оқудан және тексеруден өтеді. Борттағы көмектің негізгі принциптері: жолаушы өмірін сақтау; жағдайдың нашарлауына жол бермеу; мүмкіндігінше жолаушы жағдайын жақсарту; кәсіби медициналық көмекті ұйымдастыру.

– Компанияның барлық рәсімдері мен хаттамалары ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №329 бұйрығына (Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы) және Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) талаптарына сәйкес келеді және экипаждың әрбір мүшесі аталған рәсімдер шеңберінде әрекет етуі тиіс.

– Егер жолаушыға медициналық көмек қажет болған жағдайда, рәсімдерге сәйкес бортсеріктер орын алған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне жедел хабар береді және бортта дәрігер іздеуді бастайды.

– Жолаушының жай-күйін бағалау оның қойылған сұрақтарға берген жауаптары мен өмірлік көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылатындығына байланысты, жолаушылардың байланысқа ашық болуы және мүмкін болатын көмектің толық көлемін алу үшін ақпаратпен барынша бөлісуі өте маңызды.

– Барлық әуе кемелерінде дәрі қобдишасының үш түрі жасақталған. Сонымен қатар, барлық ұшақтар портативті автоматты сыртқы дефибрилляторлармен жабдықталған. Дегенмен, медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын тек біліктілігін растаған медицина қызметкері ғана пайдалана алады.

– FlyArystan әуефлотының барлық борттары ең аз қажетті төрт баллон нормасы жағдайында, бес оттегі баллонымен жабдықталған. Олардың барлығы толтырылған және жарамды болуы керек – бұл бортсеріктердің жабдықты ұшу алдындағы тексеруі кезіндегі міндетті шара. Рәсім pre-flight equipment check деп аталады. Оттегі жабдықтары шұғыл шара болып есептелуіне байланысты тек объективті көрсеткіштер бойынша беріледі.

– Егер денсаулық жағдайына байланысты оны тасымалдау басқа жолаушыларға немесе экипаж мүшелеріне қауіп төндіруі мүмкін болса, әуетасымалдаушы жолаушыны тасымалдаудан немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартуға құқылы. Әуебилеттерді сатып алу кезінде жолаушылар әуекомпания жолаушыларын әуеде тасымалдау ережелеріне келісім береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: