Главная Новости Ғажайыпқа толы «Полярлық экспресс» Астанадан жолға шықты
18 декабря 2025, 13:28 70

Ғажайыпқа толы «Полярлық экспресс» Астанадан жолға шықты

Ғажайыпқа толы «Полярлық экспресс» Астанадан жолға шықты

Елордадан ертегілердің 15 кейіпкері бар «Полярлық экспресс» іске қосылды. Олардың қатарында Аяз ата, Ақшақар, Поляршылар, Снежа, Шырша, Йетимен қатар, асық атып, балаларға құрт беретін Алдар Көсе бар.

Пойыздағы ғажайып пен мерекелік көңіл күйді осы уақытқа дейін 600 жолаушы тамашалап үлгерді. Сапар барысында түрлі ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, балаларға тәттілер мен сыйлықтар үлестірілді.

Кішкентай көрермендер сүйікті кейіпкерлерінің қатысуымен ертегі қойылымдарын тамашалап, ойын, би флешмобтарына және интерактивті қойылымдарға қатысты.

Сонымен қатар бүлдіршіндер үшін сабынды көпіршік шоуы мен өзге де тосынсыйлар ұйымдастырылды. Екі сағатқа созылатын сапардан кейін пойыз бастапқы станциясына қайта оралады. «Полярлық экспресс» Астана-1 станциясынан шығып, Тастақ станциясына дейін барып, кері қайтады.

Келесі рейстер 2025 жылдың 20, 21, 27, 28, 29 желтоқсанына және 2026 жылдың 2 және 3 қаңтарына жоспарланған.

Жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: