Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Пошташылардың төл мерекесі жақындап келеді. БҰҰ жүйесінде атап өтілетін халықаралық күннің бірі – қазанның 9-ы күні тойланатын Дүниежүзілік пошта күні.
«Құрметті байланысшы» Ғалия Абралиева – «Қазпошта» АҚ Хабтарды және логистикалық желілерді басқару департаментінің бас менеджері.
«Кішкентай кезінде қыздар қуыршақпен ойнаса, мен ауылға келетін пошташыны аңдып жүруші едім. Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақбақты елдімекенінде тұрамыз. Газет-журналын құшақтап пошташы келгенде біздің ауылда кәдімгідей мереке болатын. Бірі алыстағы ағайыннан хат алып қуанып жатса, енді бірі газетке жазылған жаңалықтарды үлкендерге жарыса оқып жатады. Содан болар менің пошташыға деген құрметім ерекше болды. Соның іс-қимылын қайталап, тізілген кітаптың арасына газеттерді қыстырып ойнайтынмын. Бойжетіп мамандық таңдаған кезде ойланбастан кәсіптік-техникалық училищесіне түсіп, баспасөз өнімдерін жөнелту және жеткізу байланысының сорттаушы операторы атандым. Кейін Алматы Байланыс электротехникумын, Алматы энергетика және байланыс институтын қызыл дипломмен бітірдім», – дейді Ғалия Абралиева.
Бір қызығы, Ғалия Абралиева училище, техникумды орыс тілінде бітірсе де, туған тіліне деген құрметін жоғалтпаған. Тіл жанашыры. Үнемі ізденіп, кітап оқып жүреді. Кеше ғана «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» «Қазпошта» қызметкерлері арасында өткен байқауда Ахмет Байтұрсынұлының «40 мысалын» оқып, көрерменді тәнті етті. Тәжірибелі маман бос уақытында тоқыма тоқиды.
«Пошта – ежелгі заманнан әртүрлі тәсілмен халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан сала. Сондықтан тұтынушылары көп болатынына сенімдімін. Заманауи талапқа сай көрсететін қызметі де көбейді. Бұл туралы бірі білсе, бірі білмейді. Дегенмен, мен «Қазпоштаның» болашағына сенемін», – дейді Ғалия Абралиева.
Жаннұр Амантай
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
255
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи