Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және отын» департаментінің директоры Ғалымбек Ауталипов өзінің еңбек жолы туралы айтып берді.
- Бала кезімде моторы бар ойыншықтарды бөлшектеуді жақсы көрген екенмін. Кейін мектепте оқып жүргенде Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-нің алып құбырлары мені қатты қызықтырды. Ата-анам олардың электр энергиясын өндіруші станция екенін түсіндіргенмен, мендегі қызығушылық одан әрі артпаса, басылмады
Кітапхананы жағалап, сұрақтарына жауап іздеген бала Ғалымбек мектепті бітірген соң еш ойланбастан Екібастұздағы Қ.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтына «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша түседі. 2005 жылы менеджмент магистрі дәрежесін де алады.

- Институтта оқып жүргенде жазғы практикаға ГРЭС-1-ге түсуге тырысатынмын. Станция жабдықтарының ауқымы мен көлеміне таң қалғаным есімде. Сонда жұмыс істегім келді, бірақ бірден жете алмадым...
Ғалымбек Темкешұлының энергетика саласындағы еңбек жолы Екібастұз жылу электр орталығында басталған. Ал Екібастұз ГРЭС-1-ге 2001 жылы турбиналарды тексеруші машинист ретінде жұмысқа қабылданғанда келеді. Ол станцияда еңбекқорлығы мен жұмысына деген аса жауапкершілігінің арқасында 6 жыл ішінде біраз жетістіктерге жетеді.
- 2008 жылы Астанаға «KEGOC» АҚ-ның бас кеңсесіне «Ұлттық электр желілерін дамыту» департаментіне жұмысқа шақырылдым. Ол компаниядағы міндетім – алдағы 5, 10, 15 жылға Қазақстан бойынша электр энергиясы мен қуаттарының болжамдық баланстарын әзірлеу болды. Жұмыс барысында Екібастұз ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-де жоспарланған ірі жобалар туралы біліп, сол іс-шараларға тікелей қатысқым келді. Сол менің – басты мақсатыма айналды.

2014 жылы Ғалымбек Темкешұлы «Самұрық-Энерго» АҚ-нан жұмыс туралы ұсыныс алып, компанияға келеді. Холдинттің бірқатар департаменттерінде жұмыс атқарып жүріп, Екібастұз ГРЭС-1-де 500 кВ сыртқы тарату құрылғыларын жаңғыртуға және 2019 жылы енгізілген қуат нарығының ережелерін әзірлеуге қатысты.
- Осы уақытқа дейін алған тәжірибемді 2019-2022 жылдары ГРЭС-2-де Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары қызметін атқарған кезде және бүгінгі күні де сәтті қолданып келемін. Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және Отын» департаментінің директоры қызметін атқара отырып, Алматы ЖЭО-2, ЖЭО-3-ті жаңғырту жобаларын, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-1-дің №1 Энергоблогын қалпына келтіруге атсалысудамын, яғни көздеген мақсатыма жеттім, - дейді маман.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
78
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби